Қазақстандағы тұрмыстық техника нарығы онлайн-саудаға көшкен
2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстандағы тұрмыстық техника мен электроника (ТТжЭ) нарығындағы онлайн-сауда ақша айналымының 32%-ына жетті. Нарықтың жаппай төмендеуіне қарамастан, ондағы электронды коммерция үлесі, керісінше, өсіп жатыр. Былтырғы жылмен салыстырғанда биылғы жылы 4 п.к. қосқан.
Онлайн-сауда барлық жерде бірдей өсіп жатыр. NielsenIQ мәліметтері бойынша, тұрмыстық техника мен электроника нарығындағы жаһандық ақша айналымының 35% * онлайн-сауда құрайды (жылдық көрсеткішпен салыстырғанда +1,5%). Зерттелетін аймақтар арасында бірінші орында Шығыс Еуропа– 47%. Екінші орында Қытай – 45%. Қазақстан 32%-бен ең жақсы өсу қарқынының бірін көрсетіп отыр: 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына + 4 п.к және 2023 жылдың сәйкес кезеңінде +5 п.к.
NielsenIQ деректері бойынша, еліміздегі онлайн тапсырыстардың негізгі айналымы Алматы қаласы мен Алматы облысына тиесілі. Бұл өңір Қазақстан бойынша техника сату бойынша (барлық нарықтың 32,5%) және атап айтқанда, электронды коммерция бойынша ең үлкен аймақ. Алматы қаласы мен Алматы облысында тұрмыстық техника мен құрал-жабдықтарды сатудан түскен ақша айналымының жартысына жуығы, 46%-ы онлайн-арналардан келеді.
Тұрмыстық техника мен электроникаға онлайн-тапсырыс беру көлемі бойынша екінші өңір бұл солтүстік Астананы қоса алғанда. Бұл өңір жалпы нарықтың 25%-ына ие. Сонымен қатар онлайн-сауда бойынша жылдам өсіп келе жатқан өңір. Яғни 2023 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 4.9 п.к қосқан. Онлайн-саудада ең төмен төмен көрсеткіш Шығыс Қазақстанда. Өңірдегі жалпы айналымның 22,1%-ы ғана.
Әрине, электронды коммерцияға, нарықтар, соның ішінде банк қызметі және олар ұсынатын қаржылық өнімдер қатты әсер ететіні, сөзсіз. Бұл, әсіресе, сатылымдарды айлар бойынша бөліп қарағанда байқалады. 2022–2023 жылдары шілде және қазан айларында тұрмыстық техника мен электроника сатылымының өсуі байқалды (осы айларда Kaspi Bank-тен Kaspi Жұма акциялары өткізілді).
«Бұл 24 айға бастапқы жарнасыз және артық төлемсіз ұзақ бөліп төлеуді ұсынатын екінші деңгейлі банктердің бөліп төлеу жоспарларының әсері. Әдетте біз жылына екі бөліп төлеуді білетінбіз. Бұл шілде және қазан айлары, бөліп төлеу жоспарлары үшін әдеттегі айлар. Алайда 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда 0-0-24 ұзақмерзімді бөліп төлеу 4 рет болды»,– деді NielsenIQ бөлшек сауда серіктесінің менеджері Әлия Сятова тұтынушылық трендтер зерттеуінің таныстырылымында.
Нәтижесінде 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында бұрынғыдай сауда болмады.
«Банктер бөліп төлеуді жиі ұсынатын болған, алайда қазір олардың әсері едәуір азайған. Бұрынғыдай сауда да, тұтынушылар тарапынан қызығушылықты да көріп отырған жоқпыз. Қазір адамдар бөліп төлеу болатынына үйреніп алған. Бұған қоса тұтынушылар үшін жекелеген тауарларға бөліп төлеу ұсынылатын болған. Мысалы,нағыз керек кезде смартфондар мен кондиционерлерге бөліп төлеу ұсынады. Бірақ та мұның да әсері ұзаққа бармайды. Яғни алдағы түсетін пайданы қағып алып кетеді», – деп қосты Сятова.
Дегенмен NielsenIQалдағы уақытта ТТжЭ нарығында онлайн-сегмент өсетінін болжап отыр. *Солтүстік Американы қоспағанда жаһандық нарықтағы 2024 жылдың I тоқсанындағы деректер