Балаева емес: WhatsApp арқылы ақпарат министрінің атынан жалған ақпарат тарауда

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
WhatsApp арқылы Балаеваның атынан жалған ақпарат тарауда / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан WhatsApp мессенджері арқылы жалған ақпарат тарауда. Бұл туралы министрлік хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан WhatsApp мессенджерінде жалған ақпарат тарағанын хабарлайды», – делінген министрлік ақпаратында.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, мессенджер арқылы таралатын хабарламаларды министрдің өзі жазбаған. Министрлік азаматтарды абай болуға және алаяқтардың арандатуына ермеуге шақырды. Сонымен қатар, мәлімдемелер тек ресми байланыс арналары арқылы жарияланатынын хабарлады.

Бұған дейін маусымда ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан да танымал тұлғаларға жалған хабарламалар келіп түскен. Мәдениет министрлігі мұндай оқиғалар қайталанса, полицияға жедел хабарласуды ұсынды. 

Шілдеде алаяқтар Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаевтың атынан мессенджерден жалған хабарламалар жолдап жатқаны белгілі болған. Қала әкімдігі осыны тұрғындарға ескертіп, ресми хабар таратты.

Сондай-ақ оқыңыз