Банк пен қаржы

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша қандай шешім қабылдайды – сарапшы болжамы

Бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 25 базистік тармаққа төмендету туралы шешім қабылдады / Архив: kursiv.media

2024 жылғы 29 тамызда Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімін жариялайды. Қазіргі уақытта көрсеткіш 14,25%-ды құрайды. Ал шілдедегі инфляция 2023 жылдың ақпан айынан бері алғаш рет өсіп, жылдық 8,6%-ға жетті. Осыны ескере отырып Halyk Finance талдау орталығының сарапшысы Санжар Қалдаров болжамын ұсынды.

«Реттеуші елдегі монетарлық шарттарды жеңілдету циклінде кідіріс жасауы мүмкін. Бұл шешімге теңге бағамының құбылмалылығы және Ұлттық қордан қаражат алу динамикасы да әсер етеді. Дегенмен, қазіргі мөлшерлемені және басқа факторларды ескере отырып, біз жұма, 30 тамыз күні базалық мөлшерлемені 25 тармаққа төмендетуге болады деп есептейміз», – деп болжады сарапшы.

ҰБ Ақша-несие саясаты комитетінің шілдедегі отырысында базалық мөлшерлемені 25 базистік тармаққа төмендету туралы шешім қабылдаған. Осылайша көрсеткіш 14,25% деңгейінде қалыптасты.

«Мөлшерлеме туралы шешім әлемде азық-түлік бағасының өсуіне және Ресей Федерациясы мен Өзбекстанда инфляцияның үдеуіне байланысты сыртқы инфляциялық жағдайлардың аздап нашарлауы жағдайында қабылданды», – деп түсіндірді сол кезде шешімін ҰБ.

Сарапшының айтуынша, мөлшерлемеге бірнеше фактор ықпал етеді. Оның ішінде Ұлттық қордан трансферттер бар. Мәселен, биылғы жылдың 6 айында Ұлттық қордан бюджетке 2024 жылға жоспарланған трансферттер көлемінің (3,6 трлн теңге) 77%-ы аударылды.

«Мұндай қомақты қаражат алу бюджеттің кіріс бөлігіндегі проблемалардың салдары. Шілде айында Ұұлттық қор қаражатына «Қазатомөнеркәсіп» АҚ акцияларын бюджеттен тыс сатып алды. Бұл биылғы жалғыз мәміле болмайтын сияқты. Өткен жылдардағы динамикаға сүйене отырып, біз Ұлттық қордан 2024 жылға арналған бюджетке трансферттердің жалпы көлемі шамамен 5 трлн теңгені құрауы мүмкін деп есептейміз. Бұл да ҚР ҰБ-ны ақша-несие саясатына әсер етеді», – деген сарапшы болжамына тоқталды.

Санжар Қалдаровтың пайымынша, қазіргі жағдайда жыл соңына дейін базалық мөлшерлеменің оңтайлы деңгейі 13,5% болуы шарт. Сондықтан маман базалық мөлшерлемені біртіндеп төмендетуді жалғастыруға болады деп есептейді.

«Дегенмен алдағы отырыста ҚҰБ базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырып, келешекте консервативті әрекет етеді деп ойлаймыз. Тұтастай алғанда, бюджетке, теңге бағамына және Ұлттық қордан қаражат алу динамикасына қатысты шешілмей тұрған проблемаларды ескере отырып, биылғы жылдың соңына дейін оңтайлы мөлшерлеме деңгейіне қол жеткізу мәселе күйінде қалып отыр», – деп қорытындылады маман.

Бұған дейін, шілдеде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,25%-ға дейін төмендетті. Жыл басында 15,25% құраған базалық мөлшерлеме біртіндеп төмендеп келеді