Lifestyle

Еуропаның ең биік шыңы Эльбруста «Адай» күйі күмбірледі

Еуропаның ең биік шыңы Эльбурста «Адай» күйі күмбірледі / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

26 жастағы Әлібек Қайырбек 5642 метр биіктікте домбырамен Адай күйін шертті. Бұл туралы Әлібек өз Instagram парақшасында бөлісті.

Әлібектің айтуынша, Эльбрустың басына көтерілуге 1 апта кеткен.

 «Домбыраны мұндай биіктікке көтеру оңай емес. Домбыра жеңіл болғандықтан, сынып қалуы мүмкін. Сол себепті 10 сағаттық жолда суықтан сынып қалмасын деп жылы орап, сөмкеге салдым. Біздің киелі домбыраны әлемге паш етіп, таныстырғым келді», – деді Әлібек Қайырбек.

Айта кетейік, биіктігі 5642 метр Эльбрус шыңы Кавказ тауларының бүйір жотасындағы ең биік шың.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық әйел әлемнің ең биік нүктесі Эверест шыңын бағындырған. Альпинист және скайранер Анар Бурашева Kazakh Everest team спорттық-патриоттық экспедициясы құрамында Эвересті бағындырған. Әлемнің ең биік шыңына шығуға Қазақстаннан жеті альпинистің арасында жалғыз қыз Анар Бурашева болды.