Жүргізушілер туралы деректерді АҚШ-қа жіберіп отырған: Нидерланды Uber компаниясына айыппұл салды

Жарияланды
Нидерланды соты Uber-ге не үшін айыппұл салды?
Нидерланды соты Uber компаниясына 290 миллион еуро айыппұл салған / Фото: kursiv.media

Нидерланды соты Uber компаниясына 324 млн доллар көлемінде айыппұл салды. Бұл жайлы Reuters басылымы хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, компания ЕуроОдақ ережелерін бұза отырып, еуропалық жүргізушілер туралы деректерді АҚШ-қа жіберіп отырған. Голландия соты 290 миллион еуро (324 миллион доллар) айыппұл салған.

Өз кезегінде Uber сот шешімімен келіспейтінін жеткізген.

«Бұл қате шешім және аталмыш айыппұлды орынсыз санаймыз», – деп мәлімдеген Uber өкілі Каспар Никсон Reuters агенттігіне.

Ал компанияны айыптап отырған Data Processing Addendum Uber-дің жеке деректерді АҚШ-қа жіберуін заңсыз деп таныған.

«Бұл деректерді қорғаудың жалпы ережесін өрескел бұзу», – деп мәлімдеген DPA өкілі.

Uber соттың бұл шешіміне қатысты шағым түсіретінін жеткізген. Аппелляциялық процесс төрт жылға созылады деп болжанып отыр. Айта кетейік, компанияға қатысты тергеу ісі француздық құқық қорғау ұйымының Франциядағы 170-тен астам такси жүргізушісінің атынан елдің деректерді қорғау органына шағым түсіргенінен басталған. Жүргізушілердің шағымы Uber-дің еуропалық штаб-пәтері Нидерландыға жолданған.

Еске сала кетсек, Еуропалық реттеуші Facebook пен Instagram-ның бас компаниясы, америкалық технологиялық гигант – Meta-ға 13,4 млрд долларға дейінгі көлемде айыппұл салуды жоспарлап отырғаны хабарланды. Еуропалық комиссия Facebook-пен Marketplace онлайн-хабарландыру сервисін біріктіргенімен сатушыларға тең емес сауда жағдайын туғызғаны үшін Meta-ны айыппұлмен жазаламақ. Еурокомиссия соңғы шешімді күзде шығарады деп күтілуде.

Ал маусымда Microsoft корпорациясына Еуроодақтың монополияға қарсы заңын бұзды деген айып тағылды. ЕО айыбы Teams платформасын Microsoft 365 бағдарламалар жиынтығымен біріктіруге қатысты. Сонымен қатар компанияның баға саясаты да Eурокомиссия көңілінен шықпай отырғаны айтылған.

Сондай-ақ оқыңыз