Банк пен қаржы

Kaspi Red+ енді Zara, Zara Home, Bershka, Stradivarius, Massimo Dutti, Pull&Bear және Oysho дүкендерінде

Kaspi Red+ арқылы Inditex брендтерінде сауда жасауға болады / Фото: Kaspi.kz

Kaspi Red+ арқылы енді Zara, Zara Home, Bershka, Stradivarius, Massimo Dutti, Pull&Bear және Oysho дүкендерінде сауда жасауға болады. Бұл дүкендерде 1 қыркүйекке дейін Kaspi Red+ арқылы сатып алған барлық затқа 10% бонус беріледі.

Kaspi Red+ – барлық затты 4 айға бөліп төлеу арқылы сатып алу, сатып алу лимиті 500 000 теңгеге дейін және көтеріңкі бонус. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз және тиімді сатып алуға үлгеріңіз!

Zara, Zara Home, Bershka, Stradivarius, Massimo Dutti, Pull&Bear және Oysho брендтері әлемге танымал испандық Inditex холдингінің құрамына кіреді.

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы – сүйікті клиенттері мен серіктестерінің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау. Инновациялардың ортасында еліміздегі ең танымал Kaspi.kz мобильді суперқосымшасы тұр, оны 14 миллионнан астам қазақстандық пайдаланады және елдегі жетекші электрондық коммерция, төлемдер және қаржылық қызметтерді қамтиды.

Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы қазақстандықтар тегін жеткізу қызметімен тиімді онлайн зат сатып алады, комиссиясыз төлем мен аударымдар жасайды, жеке қаржысын басқарады, ұшақ және пойыз билеттерін, турлар сатып алады, ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.

Kaspi.kz бизнес үшін де Kaspi Pay суперқосымшасын жасады, оны еліміздің шамамен 700 мың кәсіпкері қолданады. Kaspi Pay қосымшасы арқылы қазақстандық кәсіпкерлер бизнесті дамыту үшін қаржы алады, төлемдерді қабылдайды, жарнамалық науқандарды іске қосады, салық төлейді, электрондық коммерция және жеткізу платформасына қосылып, өз тауарларын бүкіл ел бойынша сатады.