Қазақстанда 2027 жылға дейін квазимемлекеттік компания құруға мораторий енгізілді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Құжат ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды.
Үкімет қаулысына сәйкес, 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін квазимемлекеттік компанияларды құруға тыйым салынып отыр. Алайда кейбір жағдайда ондай компанияларды құруға мүмкіндік бар.
- «Заңсыз иемденген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңды орындау қажеттілігі;
- Қазақстан президентінің тапсырмасы бойынша айрықша істер;
Қаулы 21 тамыздан бастап күшіне енді.
Елімізде кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа механизмі енгізіледі
Дегенмен отандық кәсіпкерлер үшін жағымды жаңалық та бар. Енді Қазақстанда ішкі сауда саласындағы бизнесті мемлекеттік қолдаудың жаңа механизмі іске қосылады. Бұл жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау шеңберінде әзірленіп, бекітіліп отыр.
Жоғары аудиорлық палата Сауда және интеграция министрлігінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне мемлекеттік аудит жүргізілгенін еске салды. Нәтижесінде республикада сауда инфрақұрылымының одан әрі дамуын тежейтін себептердің бірі, ол бизнестің осы бағытта инвестициялау мүмкіндіктері шектеулі екені анықталды. Сол себепті Сауда және интеграция министрлігіне кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық әлеуетін арттырудың нақты механизмдерін айқындау тапсырылған.
«Нәтижесінде министрдің биыл 21 маусымдағы бұйрығымен Ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидалары бекітілді, олар қазіргі заманғы сауда инфрақұрылымын қалыптастыру бойынша іс-шараларды ынталандыруға бағытталған», — делінген хабарламада.
Бірінші кезеңде мемлекет бұл бағытқа 4 млрд теңге бөлді. «Даму» қорынан қаржыландыруды осы жылдың қазан айында бастау жоспарлануда.
Сондай-ақ ережеде мемлекеттік қолдау алушылар үшін отандық өндірістің азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын сауда орындарына орналастыру бойынша қарсы міндеттемелер көзделген.
Айта кетейік, Қазақстанда бизнесті қолдау шаралары қайта қаралды. Енді мемлекеттік субсидияларды, ең алдымен, өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындар алады. Үкімет «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын біріктіріп, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға арналған жаңа кешенді бағдарлама қабылдады.