Қазақстандықтар 28 тамызда ғаламшарлар шеруін көре алады
Сәрсенбі, 28 тамызда, қазақстандықтар ерекше астрономиялық құбылысты – ғаламшарлар шеруін тамашалай алады. Меркурий, Марс, Юпитер, Уран, Нептун және Сатурн планеталары, сондай-ақ айдың соңғы фазасы бір қатарда орналасып, аспаннан бір мезетте көрінеді. Бұл туралы Мәскеу планетарийінің мамандары хабарлады.
Планерийдің мәліметінше, тамыз айында Марс, Юпитер, Уран, Нептун және Сатурн түн ортасынан таңға дейін байқалады. Таңертеңгі уақытта Меркурий көріне бастайды.
Сондай-ақ ғалымдардың айтуынша, Нептун мен Уранды тек телескоп арқылы көруге болады, ал қалған планеталарды ашық ауа райында жай көзбен де көруге мүмкіндік бар.
Сарапшылар мұндай құбылыстың ғылыми құндылығына және Жерге физикалық әсеріне қатысты пікір білдірді.
«Ғаламшарлар шеруі тек сырттай ғана қызығушылық тудырады. Мәселен, бұл аталған ғарыш нысандарын зерттеу үшін ешқандай да ғылыми құрамдасы жоқ. Сонымен қатар Жердің тартылыс күшіне де әсер ете алмайды. Астрология тұрғысында да ешқандай рөл атқармайды», – дейді Мәскеулік планетарийдің мамандары.
Айта кетейік, ғаламшарлар шеруі өте сирек кездесетін құбылыс. Ол орташа есепен 18-20 жылда бір рет болады. Келесі үлкен планеталар парады 2025 жылдың 28 ақпанында күтіліп отыр. Сол уақытта Сатурн, Меркурий, Нептун, Венера, Уран, Юпитер және Марс бір қатарға сап түзейтін болады.
Еске салсақ бұған дейін 19 тамыздағы айдың толуы туралы жазған едік. Ғалымдар ай жерге жақындап бұл жолы 14% үлкенірек және 30% жарқын көрінгенін айтқан.