Жаңалықтар

Алматы әуежайында мониторды зақымдаған азаматқа сот шешімі шықты

Алматы әуежайынан
Алматы әуежайында мониторды зақымдаған азаматқа сот шешімі шықты / Фото: архив kursiv.media

Астана соты Алматы халықаралық әуежайында мониторды қасақана зақымдаған азаматқа шешім шығарды. Оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынатын болды.

«Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін (ӘҚБтК-нің 147-1-бабы, 1-бөлігі) Х.-ға қатысты сот қаулысын шығарды», – делінген сот хабарламасында.

Құқық бұзған азамат өз кінәсін толықтай мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтқан. Сот оның өкінішін ескеріп, әрі кәмелетке толмаған 3 баласының болуын ескере отырып, оған ӘҚБтК-нің 147-1-бабының 1-бөлігінде көзделген 5 тәуліктен 15 тәулікке қамау жазасын кеспеді. 

Сот қаулысымен айыпталушы азаматқа 20 АЕК (79 240 теңге) көлемінде айыппұл салынатын болды.

Бұл оқиға Алматы әуежайында болған еді. KC 7053 рейсіне кешігіп келген жолаушылар FlyArystan тіркеу орнындағы компьютерді қиратқан. Оларға қате SMS хабарлама жолданған.