Банк пен қаржы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Home Credit Bank-ке 22,1 млн теңге әкімшілік айыппұл салды

Home Credit Bank-ке не үшін айыппұл салынды / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Home Credit Bank» АҚ-ға 22,1 млн теңге әкімшілік айыппұл салды.

Екінші деңгейлі банк Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңын бұзған. Сонымен қатар банк заңнамасын бұза отырып операциялар мен мәмілелерді жүзеге асырған.

«Әкімшілік құқық бұзушылық банктің кредиттік тарих субъектісінен алынған мәліметтерін кредиттік бюроға бермеуінен және уақытында бермеуінен тіркелді», – деп хабарлады Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Еске сала кетсек, Home Credit Bank 2023 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады, бірақ пайдасын 2 есеге арттырды. Банктің таза пайдасы өткен жылы 48,4%-ға өсті.

Ресей мен Украина арасындағы соғыс басталғанға дейін Ресей Home Credit Bank-і осы аттас қазақстандық банкке иелік етті. 2022 жылы қаржы ұйымы құрылымын түбегейлі өзгертті: Чехияның PPF тобына тиесілі Ресей Home Credit Bank үлесін PPF топ-менеджері Иржи Шмейц бастаған инвесторлар тобы сатып алды. Ол қазір банк акцияларының 34,7%-ына иелік етеді. Тағы 7,5%-ы PPF Financial Holdings-ке тиесілі, қалған 57,8% акциялары PPF Group N.V. алты топ-менеджерлері арасында бөлінген.