Lifestyle

Қазақстандық футболшы Бақтиер Зайнутдиновке Түркияда іздеу жариялағаны рас па?

Бақтиер Зайнутдиновке іздеу жариялағаны рас па? / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

БАҚ беттерінде футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдиновке іздеу жарияланды деген ақпараттар тараған еді. Бұл туралы бірінші болып «Бешикташ» футбол клубы жариялады.

Бақтиер Зайнутдинов із-түссіз жоғалып кетті, оған іздеу жарияланды.

Ол командада жоқ. Жолдастық кездесулерде ойнаған жоқ, жаттығуларға келмейді, матчтардың ресми тізімінде жоқ деп жазды «Бешикташ» футбол клубы

Алайда артынша бұл ақпаратты жоққа шығарып, жазбаны алып тастады.

26 тамыз күні Бақтиер Зайнутдинов ауруханада жатқан әріптесінің қал жағдайын білуге командаластарымен бірге барды.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін «Бешикташ» клубының жаңа бапкері Бақтиер Зайнутдиновке негізгі құрама да, қосалқы құрама да ойнауға мүмкіндік берген жоқ.

Нидерландтық бапкер Джованни ван Бронкхорст 26 жастағы Зайнутдиновті Словениядағы оқу-жаттығу жиындарына да алып барған жоқ, Ыстанбұлда өткен жолдастық кездесулерде де ойнамады.

Оның клубтағы тағдыры әзірге белгісіз. Зайнутдинов «Бешикташта» легионер болып есептелмейді. Оның клубпен жасаған келісімшарты 2027 жылға дейін жарамды.

Еске салайық, Зайнутдиновке биыл питерлік «Зенит» қызығушылық танытқан болатын. Тіпті нақты келісімшарт та ұсынған. Алайда футболшының өзі Ресейге барудан бас тартты.