Авто

BYD компаниясы өз автокөліктеріне Huawei-дің автономды жүргізу технологиясын енгізеді

BYD Co. автономды жүргізу бойынша Huawei Technologies компаниясымен серіктес болды / Фото: Richard Bord/Getty Images

Қытайдың автокөлік өндірушісі BYD Co. автономды жүргізу бойынша Huawei Technologies компаниясымен серіктес болды. Бұл туралы Reuters басылымы хабарлады.

Шетел басылымның мәліметінше, BYD-дің премиум бренді Fangchengbao өз автомобильдерінде Huawei технологиясын пайдалану туралы келісімге қол қойды.

Huawei өзінің Qiankun ADS3.0 «ақылды» жүргізу технологиясын осы жылдың сәуір айында таныстырды. Бұл технологиямен жабдықталған алғашқы модель Bao 8 көлігі болады. Бұл көлік жылдың соңында шығады деп жоспарланып отыр.

Сарапшылардың пікірінше, қытайлық автономды басқару жүйелері әлі де болса Tesla Inc. платформасынан артта қалып отыр.

Айта кетейік, BYD Қытайдың электр көліктер нарығында сатылым көлемі бойынша көшбасшы болып тұр, сарапшылардың пікірінше негізінен оның көліктерінің бағасы қолжетімді болғандықтан мұндай көрсеткішке ие.

Алайда шілде айының соңында Fangchengbao Bao 5 автомобильдерінің жаңартылған модельдері нарыққа шыққаннан кейін, сұраныстың төмен болуына байланысты олардың бағасын төмендетуге мәжбүр болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қытайда ұшқышсыз әуе көлігі сынақтан өткізілді. Бұл әлемдегі алғашқы жаңа буын таксиі болуы мүмкін туралы жазған едік.