7 ай ішінде 100-ге жуық полиция қызметкері жемқорлық үшін сотталған – Бірінші кредиттік бюро

Жарияланды
7 айда 95 полиция қызметкері жемқорлық баптары бойынша сотталған / Коллаж: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Жыл басынан бері 95 полиция қызметкері жемқорлық үшін сотталған. Бұл жайлы Бірінші кредиттік бюро хабарлады.

Бюроның хабарлауынша, қаңтар-шілде айларында соттар 95 полиция қызметкерін сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша кінәлі деп таныған. Олардың 80%-ы ҚР Қылмыстық кодексінің «Пара алу» және «Алаяқтық» баптары бойынша жазаға тартылған. Атап айтқанда, 47 адам пара алғаны үшін, 27 адам алаяқтық үшін сотталған.

Сонымен бірге сотталған полиция қызметкерлерінің әрекеттері басқаша жіктелген жағдайлар да кездескен. Оған сәйкес:

  • пара бергені үшін – 7 адам;
  • парақорлыққа делдал болғаны үшін – 5 адам;
  • құзыреттілігін теріс пайдаланғаны үшін – 4 адам;
  • қызметтегі әрекетсіздігі үшін – 3 адам;
  • өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін – 2 адам сотталған.

Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша барлығы 557 адам соталған. Олардың ішінде 95 полиция қызметкері бар. Сотталғандардың 182-сі бас бостандығынан айырылған. Олардың тең жартысына 5 жылдан аспайтын жаза тағайындалған. Ал 247 адам айыппұл төлеуге міндеттелген. Сот шешемімен олар жалпы сомасы 3,4 млрд теңгеге айыппұл төлеген. Ал сотталғандардың 10%-ы, яғни 56 адам сот үкімімен жазадан босатылған.

Айта кету керек, жеті ай ішінде сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталғандарды тек екеуі ғана ақталған. Екі жағдайда да ақталып шыққан полиция қызметкерлері.

Еске сала кетсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шетелдік азаматтан пара алды деген күдікпен Алматы полицейлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу бастаған болатын. Ведомствоның тергеу бастауына 17 мамырда әлеуметтік желіде белгісіз автордың Алматы полиция қызметкерлеріне ақша беру фактісі жазылған видео себеп болған.

Ал Ішкі істер министрлігі полицияға бірінші боп параны ұсынатын азаматтардың өздері ұснатынын айтты. Оның айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында бірқатар іс-шаралар қолға алынған. Сол шаралар аясында Іntegrity Check жобасы енгізілген. Онда тұрғындар мен қызметкерлерді адалдыққа тексерілген. Тексеру барысында азаматтардың пара беруге ұмтылысы анықталған.

Сондай-ақ оқыңыз