Жаңалықтар

Қазақстаннан Нью-Йоркке тікелей рейстер 2025 жылдың соңына дейін ашылады

Қазақстаннан Нью-Йоркке тікелей рейстер 2025 жылдың соңына дейін ашылады / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстаннан АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына тікелей рейстер 2025 жылдың соңына дейін ашылатын болды. Бұл туралы Канаданың Монреаль қаласындағы ИКАО (халықаралық авиация нормаларын қадағалайтын ұйым) штаб-пәтерінде болған кездесуде белгілі болды.

«Монреальдағы ИКАО штаб-пәтерінде ҚР Көлік министрлігі мен АҚШ федералды авиациялық әкімшілігі (FAA) арасында Нью-Йоркке рейстерді ашу туралы келіссөздер өтті», – делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.

Көлік министрі Марат Қарабаев Монреальда өткен ИКАО-ның 14-ші аэронавигациялық конференциясына қатысып, АҚШ федералды авиациялық әкімшілігінің (FAA) басшылығымен кездескен.

Кездесу барысында 2025 жылдың соңында АҚШ-қа тікелей әуе қатынасын ашу жоспарланған. Рейстер кем дегенде аптасына 2 рет орындалуы тиіс.

Айта кетейік, Air Astana әуе компаниясы 2026 жылға қарай Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейстер ашуды жоспарлап отыр. Компания 2025 жылға дейін Boeing ұшағына тапсырыс беріп қойған, тапсырыс уақытында келсе, Америкаға тікелей рейс те ертерек ашылатын болады.