Трансшекаралық көміртек салығы енгізілген жағдайда ERG компаниялар тобы жылына 350 млн долларға дейін салық төлейтін болады. Бұл туралы «Қазатомэкспо» көрмесіндегі панельдік сессияда Қазақстандық электр энергетикалық қауымдастығының төрағасы Талғат Темірханов айтты.
«Жақын арада трансшекаралық көміртек салығы іске қосылса, шекарадағы ERG компаниялар тобы жыл сайын 330-дан 350 млн долларға дейін шығынға ұшырайды. 350 миллион доллар дегеніміз – ірі тау-кен металлургия компаниясының жылдық жалақы қоры. Қазір экспорттық өнімнің көміртек ізін, экономикалық өсімді және жалпы тұрақтылықты төмендетудің іргетасын қалап алу керек», – деді Темірханов.
Оның айтуынша, Қазақстанда атом электр станциясын базалық генерация ретінде іске қосу болашақ экономикалық өсімнің негізін қалауға мүмкіндік береді.
«Атом электр станциясы – негізгі іргетас. Өйткені қандай да бір жолмен генерация құрылымына тәуелді көптеген мұнай, металдар экспорттаймыз. Сондықтан бұл компанияларға ғана емес, тұтынушыларға да қызықты», – деп атап өтті Темірханов.
Энергетика министрінің 2024 жылғы 20 ақпандағы бұйрығына сәйкес, 2035 жылға дейін электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданды. Жоспар бойынша 2026 жылдан бастап елімізде электр энергиясының тапшылығынан профицитке көшу күтіледі.
ERG-нің түпкілікті иелері – Қаржы министрлігі – 40%, Александр Машкевич – 20,7%. Сонымен қатар Ибрагимовтар отбасы (марқұм Алижан Ибрагимовтің әйелі – Мұқадасхан және төрт ұлы – Достан, Даврон, Шухрат және Фурхат) – 20,7%, Патох. Шодиев – 18, 6%. Александр Машкевич, Патох Шодиев және Әлиджан Ибрагимов 2005 жылы Forbes нұсқасы бойынша әрқайсысының капиталы 1 млрд долларды. Осылайша олар Қазақстандағы алғашқы долларлық миллиардерлер атанды. Кейіннен Александр Машкевич пен Патох Шодиев азаматтықтарын ауыстырды.
17 шілдеде Патох Шодиев пен Александр Машкевич ERG директорлар кеңесі құрамынан шыққан еді.