Авто

БАӘ-де Toyota Camry 80 сатыла бастады. Қазақстан нарығына қашан келеді?

Қазақстандықтардың сүйікті көлігіне айналған Toyota Camry 80 сатылым географиясы кеңеюде / Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Соңғы үлгідегі Toyota Camry 80 АҚШ-та, Қытайда және Еуропада сатылуда, енді жаңа өнім Таяу Шығысқа жетті. БАӘ-де тоғызыншы буын көлігі сатылымы басталды.

XV80 моделі 2023 жылдың қарашасында ресми түрде таныстырылды. Автокөліктің алдыңғы жағы Crown және Prius-ке ұқсайды. Сарапшылар мұны рестайлинг деп атап атады. Ал артқы дизайны мен жаңартылған интерьері өзгеше.

Седан CVT және толық жетекті 2,5 қозғалтқышқа негізделген гибрид. Мысалы, АҚШ-та да Camry тек гибридті нұсқада ұсынылды. Ал Қытайда автомобиль қарапайым 2,0 литрлік бензин қозғалтқыш түрінде сатылып жатыр.

Қазақстандықтардың сүйікті көлігіне айналған «сексеннің» сатылым географиясы кеңеюде. Бірақ ресми тізімде Қазақстан әлі жоқ. Диллерлер бұған қатысты әлі ақпарат бермеді. Алайда бүгінде ел нарығында Қытайда шығарылған Camry-лер кездеседі. Олар «сұр» импорт арқылы әкелінген. Уақыт өте келе БАӘ-де таныстырылған Camry де Қазақстан нарығына да жеткізілуі мүмкін.

Еске сала кетсек, Қазақстандықтардың сүйікті Toyota Camry-ін өзге үш бренд басып озды.