Ыстанбұлда Әз Жәнібек сұлтанға арнап XIV ғасырда жазылған қолжазба табылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Старинная рукопись
Әз Жәнібек сұлтанға арнап жазылған қолжазба табылды / фото: мәдениет және ақпарат министрлігі

1334 жылы Әз Жәнібек сұлтанға арнап жазылған 96 беттік қолжазба табылды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, қолжазбада Әз Жәнібек ханның түпатасы Шыңғыс ханнан өз әкесі Өзбек ханға дейінгі ататегі қысқаша алтын нақышпен беріліп, негізгі мәтінде хикметтер туралы баяндалған.

Әз Жәнібек ханға арнап жазылған қолжазбаның ішкі мұқабасында Осман сұлтаны ІІ Баязидтің (1447-1512) мөрі қойылған.

Аталған тарихи мұраны Түркияның Ыстанбұл қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өткен ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында орталық мемлекеттік архив қызметкері, қазақ ғалымы Өмірбек Қанай анықтады.

Айта кетейік, Әз Жәнібек хан 1342-1357 жылдар аралығында билік еткен Алтын Орданың 11 ханы. Өзбек ханның баласы.

Қазіргі таңда аса құнды қолжазбаның көшірмесі Қазақстанға жеткізіліп, әрі қарай зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, былтыр Кенесары ханның мөрі бар, ескі Құран елге қайтарылған еді. Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құраны табылғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз