Lifestyle

«Манчестер Сити» мен «Арсеналдың» жұлдыздары Қазақстанға келе ме?

Манчестер Сити» жұлдызы Эрлинг Холанд пен «Арсенал» ойыншысы Мартин Эдегор / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

«Манчестер Сити» жұлдызы Эрлинг Холанд пен «Арсенал» ойыншысы Мартин Эдегор 6 қыркүейк күні Алматыға келеді. Норвегия ұлттық құрамасының ресми сайтында команданың Ұлттар лигасы аясындағы Қазақстан мен Аустрияға қарсы матчтарына шақырылған ойыншылардың тізімі жарияланды. Олардың ішінде «Манчестер Сити» жұлдызы Эрлинг Холанд пен «Арсенал» ойыншысы Мартин Эдегор бар.

Қақпашылар: Матиас Дюнгеланн («Бранн»), Эрьян Нюланн («Севилья», Испания), Эгил Селвик («Хёугесунн»);

Қорғаушылар: Кристофер Айер («Брентфорд», Англия), Фредрик Бьёркан («Будё-Глимт»), Йеспер Даланн («Кардифф Сити», Англия), Андреас Ханче-Ольсен («Майнц 05», Германия), Юлиан Рюэрсон («Боруссия» Дортмунд, Германия), Фредрик Шёвольд («Будё-Глимт»), Давид Мёллер Вольфе (АЗ, Нидерланды), Лео Эстигор («Ренн», Франция);

Жартылай қорғаушылар: Патрик Берг («Будё-Глимт»), Сандер Берге («Фулхэм», Англия), Арон Дённум («Тулуза», Франция), Феликс Хорн Мюре («Бранн»), Антонио Нуса («РБ Лейпциг», Германия), Осаме Сахрауи («Лилль», Франция), Кристиан Торстведт («Сассуоло», Италия), Мортен Торсбю («Дженоа», Италия), Мартин Эдегор («Арсенал, Англия);

Шабуылшылар: Эрлинг Холанд («Манчестер Сити»), Йёрген Странн Ларсен («Вулверхэмптон», Англия), Александер Сёрлот («Атлетико», Испания).

Еске сала кетейік, бұған дейін 6 қыркүйекте Алматының орталық стадионында өтетін Қазақстан-Норвегия ойынына барлық билет бір тәуліктің ішінде сатылып кеткені туралы жазған едік.

Ұлттар лигасының аясында Қазақстан құрамасы Алматыда Норвегияны қабылдаса, 9 қыркүйекте Люблянада Словениямен кездеседі.

УЕФА Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы Норвегия мен Словениядан бөлек тағы Аустриямен бір топта ойнайды.