Lifestyle

30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Астана мен Алматы қалаларында қандай іс-шаралар өтеді?

30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күні / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Астана мен Алматы қалаларында мерекелік іс-шаралар өтеді.

Елімізде 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күні атап өтіледі. Осыған байланысты Астанада 50-ден астам мәдени, спорттық, әлеуметтік іс-шара өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

29 тамыз күні Есіл өзенінің жағалауында сағат 19:00-де «ЖАСАЙ БЕР, ҚАЗАҚ ЕЛІ» концерті ұйымдастырылады.

29 тамыз күні сағат 10.00-ден бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өтеді. Іс-шара барысында шақырылған ресми тұлғалардың құттықтау сөздері, мәдени бағдарлама, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихына арналған Ұлттық музей залдарына экскурсия жүргізілу жоспарланған.

29 тамызда сағат 17:00-де Жастар сарайында «Жасыл ел» жобасының жабылу салтанаты өтеді. Жиын барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылады және Үздік сарбаздар марапатталады.

30 тамыз күні сағат 9.00-де «Аспан» спорт кешенінде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында және Конституция күніне арналған жастар мен ересектер (ерлер, әйелдер) арасындағы асық атудан қалалық ашық кубогы ұйымдастырылады. 30 тамыз күні сағат 8.00-де «Ботаникалық саябақта» бұқаралық жүгіру; 30-31 тамызда сағат 9.00-де «Дәулет» МКҚК-де әуесқойлар арасындағы теннис турнирі; 31 тамыз күні Сарыарқа ауданы аумағында аудан тұрғындары арасында «SARYARQA RUN» марафоны өткізіледі.

30 тамыз күні Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясында сағат 11:00-ден бастап 20:00-ге дейін «Жас Әлем» балалар фестивалі ұйымдастырылады.

31 тамыз күні Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда сағат 19:00-де «ALEM» заманауи этно-шоу балетінің «NOMADS FIRE» концерті өтеді.

Алматыда Конституция күніне орай келесідей іс-шаралар жоспарланған:

30 тамыз-Абай алаңындағы қалалық мерекелік концерт.
Сондай-ақ дөңгелек үстелдер, көрмелер, челлендждер, сынып сағаттары өтеді.

⁠Алмалы ауданы:
28 тамыз, 19:00 — «Неделка» субұрқағының жанындағы алаңда концерт.

⁠Медеу ауданы:
29 тамыз, 12:00 — Орталық мәдениет және демалыс саябағында концерт.

⁠Алатау ауданы:
29 тамыз, 16:00 — Атлетикалық ауыл аумағында концерт.
⁠Түрксіб ауданы:
⁠29 тамыз, 18:00 — Сауранбаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағында концерт.

⁠Жетісу ауданы:
30 тамыз, 11:00 — «Гүлдер» саябағында концерт.

⁠Наурызбай ауданы:
30 тамыз, 11:00 — Амфитеатрда «Ата заңым айбыным» концерті. (Шұғыла ш/а., 347).

⁠Бостандық ауданы:
29 тамыз, сағат 12:00 – Қазмемциркте қайырымдылық қойылымы
30 тамыз, 15:00 — «MEGA Alma-ata» СОО іс-шара.