Жекеменшік компания Ulytau Resources Ltd 2024-2028 жылдар аралығында Жамбыл облысы Мойымқұм ауданындағы «Жусандала» кен алаңынан уран және сирек кездесетін элементтерді іздеу және бағалау жұмыстарын жүргізбек. Бұл турады ecoportal-да хабарланды.
Тамыз айының 14 күні барлау жұмыстарын өткізу үшін Ақсүйек тұрғындарымен қоғамдық тыңдау өткізілген. Тұрғындарды «жайылып жүрген малдарға, адамдарға зияны жоқ па?» деген сауал қызықтырып отыр. Одан бөлек, ауылға не пайда келетіні жайында сұраған.
Экопроект 2017 ЖК өкілі О.В.Матвееваның айтуынша, қоршаған ортаға зиян барынша азайту шаралары жасалмақ. Ол жоба уран және сирек кездесетін металдар деп көрсетілген, алайда сирек элементтер ізделінетін айтқан.
Барлау жұмыстары аяқталған соң, қордың есебі жасалып, теңерімге қойылмақ. Содан кейін тау-кен жұмыстарының жоспары жасалады. Олар- бөлек жобалар. Ол жобалар бойынша бөлек қоғамдық тыңдалым өтпек. Қазіргі жоба бойынша тек қана барлау жұмыстары қарастырылған.
Мұның алдында Мойынқұм ауданының әкімдігі Ulytau Resources Ltd жеке компаниясының жоспарланған қызметі туралы мәлімдемелерді жария етті. Онда түрлі Жамбыл ауданындағы мемлекеттік органдар барлау жұмыстарына қатысты ескертпелері көрсетілген еді.
Зерттеуге лицензия берілген аумақ 29,43 шақырым және 12 блоктан тұрады. Ең жақын елдімекен – Ақсүйек ауылы 15 шақырым жерде орналасқан.
Компра мәліметтеріне сүйенсек, Ulytau Resources-тің төрт қожайыны бар. Мергенов Тимур Булатович, Даумов Самат Болатович, Даумов Алмат Болатович және WALKER ALEXANDER CASEY құрылтайшылары ретінде көрсетілген.
Осыған дейін Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы Карьерное кенішін игеру жобасына «Алтыналмас» компаниясы түзету енгізді.