Жаңалықтар

Астана әуежайында бортқа қызмет ететін мамандар мен арнайы техника саны жеткілікті емес – комитет

Астана әуежайында техника мен қызметкерлер жетіспей жатыр/ коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Кейінгі уақытта Астана әуежайында қарбалас көбейіп кетті. Әуе компаниялары ұшақтар техникалық ақауға байланысты жиі тоқтайтынын хабарлайды. Осыған байланысты «Курсив» сауалына жауап берген Азаматтық авиация комиеті негізгі себептерді атап көрсетті.

Авиация комиеті түнгі уақытта аэродромды жабу арқылы ұшу-қону жолағын жөндеу жұмысы қолға алынғанын хабарлады.

«Тәулік ішінде рейстердің саны екі есеге жуық артты. Соның салдарыран әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсететін персоналдың жүктемесі  артып келеді, бұл өз кезегінде ұшу қауіпсіздігіне де әсер етуде», – деп жауап берді комитет.

Комитет қарбалас уақытында техника мен қызметкерлер санының жеткіліксіз болғанын анықтады.

«Тексеріс нәтижелері бойынша әуе кемелеріне қауіпсіз техникалық қызмет көрсетуге әсер еткен негізгі факторлар белгілі болды.  әсіресе, құшақтарға қызмет көрсетуге арналған арнайы техника мен қызметкерлер санының жеткіліксіз екені анықталды», – деді тағы бір себепті атап көрсеткен комитет.

1 тамызда Астана әуежайының қызметкерлері Scat компаниясының ұшағына зақым келтірген. 5 тамызда әуежай операторы FlyArystan ұшақтарының біріне зақым келтіріп, осының салдарынан ұшақ бірнеше күнге мәжбүрлі тұраққа қойылған. 11 тамызда Астана халықаралық әуежайында Астана-Атырау бағытында ұшатын әуе кемесіне контейнер соғылған. Компания осы мәселені көтергеннен кейін Қазақстанның авиациялық әкімшілігі елордалық әуежайда жоспардан тыс инспекция өткізетіні белгілі болды.