Қазақстанда мүгедек адамдардың жұмыс орындарын жабдықтауға берілетін субсидиялар мөлшері белгіленді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылғы 21 тамыздағы «Арнайы жұмыс орнын жабдықтауға берілетін субсидиялардың мөлшерін айқындау туралы» бұйрығын бекітті.
«Мүгедектерге арналған бір арнайы жұмыс орнын жабдықтауға берілетін субсидиялар мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс», — делінген құжатта.
Биыл бұл сома 1 107 600 теңгені құрайды. Бұйрық 7 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, 2023 жылдан бері қазақстандық жұмыс берушілер мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын құру шығындарын жабу үшін субсидия алады. Жұмыс берушілерді субсидиялау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, мансап орталықтарымен жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Министрліктің ақпаратына сүйенсек, Қазақстанда 725 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады.
Еске салайық, ҚазСтандарт мүгедектігі бар адамдардың банктердің қаржылық қызметіне толық және кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін ұлттық стандарт әзірледі. Енді банктерде мүгедектігі бар адамдарға арналған шақыру батырмасы пайда болады.