Жаңалықтар

Қор нарығына шолу: АҚШ-тағы акциялар нарығының қалпына келуінен қандай қауіп бар, Lego жетістігі, биткоинға қатысты болжамдар

Қор нарығына шолу / Shutterstock

Goldman Sachs стратегтері тамыз айының басындағы акциялардың жаппай сатылымын «ескерту» деп қабылдады. UBS Қытай экономикасына қатысты болжамын өзгертті, ФРЖ ставкасы төмендегеннен кейін криптовалюта нарығында биткоин додасы басталмақ. Осы және өзге де тақырыптар туралы 28 тамыздағы шолуымыздан оқыңыз.

Goldman АҚШ қор нарығының жылдам қалпына келуінен қауіптеніп отыр

Goldman Sachs стратегтерінің пікірінше, тамыз айының басындағы тәуекелді активтердің жаһандық жаппай сатылымын, одан кейінгі нарықтағы сенімнің жылдам қалпына келуі енді алаңдаушылық туғызуы мүмкін. Активтерді бөлуді зерттеу бөлімінің басшысы Кристиан Мюллер-Глиссманн CNBC-ге берген сұхбатында: «Инвесторлар тамыз айының басындағы акциялардың құлдырауын «ескерту» деп қабылдай берсе болғаны», – дейді.

Оның айтуынша, қалпына келтірудің қазіргі үрдісін сатылым басталған сәттегі бастапқы позицияларға ұқсас деп санауға болмайды. Тәуекелге деген тәбет қайта оралған жоқ. Инвесторлар тынышталмады. Мұны облигациялар, алтын, швейцариялық франк сияқты қауіпсіз активтер сатылымының тоқтап тұрғандығынан көрінуге болады. «Облигациялар нарығы құлдыраудың көп бөлігін қалпына келтірді. Нарық біз күткендей капиталды теңестірді. Қазіргі уақытта облигациялардың резервтері көп емес. Сондықтан тәуекелді активтермен аздап абай болу керек шығар», – деді Мюллер-Глиссманн.

«Макроэкономикалық жағдайлар да тұрақсыз, Еуропа мен Қытайдан «тосынсыйлар» болуы мүмкін екенін де жоққа шығаруға болмайды»,– деді стратег.

UBS Қытай экономикасының өсіміне қатысты болжамын төмендетті

UBS Group сарапшылары жылжымайтын мүлік секторындағы елеулі құлдырауға байланысты 2024 жылдың соңына дейінгі және алдағы 2025 жылға арналған Қытай экономикасының өсіміне қатысты болжамын төмендетті. Bloomberg жазғандай, Қытай экономикасы наурыз айынан бастап жылжымайтын мүлік мәселелерінен бөлек қатаң фискалдық саясатқа байланысты баяулап отыр.

Инвестбанк енді елдің ЖІӨ-і 2024 жылы 4,9% көлеміндегі бұрынғы бағалаумен салыстырғанда 4,6%-ға өседі деп мәлімдеді. Келесі жылғы өсімді 4,6%-дан 4%-ға дейін төмендетті. «Жылжымайтын мүлік нарығындағы белсенділіктің төмендеуі жалпы экономикаға әсіресе үй шаруашылығын тұтыну арқылы бұрын күткеннен де көберік әсер етеді», – деп атап өтті UBS экономистері.

Қытай 2022 жылдың соңынан бері жылжымайтын мүлік нарығына қатысты саясатын жеңілдетсе де, оның ішінде ипотека бойынша бастапқы жарнаға қойылатын талаптар мен несие мөлшерлемелері төмендеп, үй сатып алуға қатысты шектеулер аз болса да, шараларды жүзеге асыру қарқыны баяу.

«Кейінгі жылдары Қытайдағы жылжымайтын мүлікке қатысты сұраныс пен ұсыныс көрсеткіштері өзгерді. Үй шаруашылықтары табысының әлсіз өсуіне байланысты нарықтың сенімі төмен және тауарлық-материалдық қорлардың деңгейі жоғары, ал қайта бөлу процесі баяу», – деп жазды экономистер. Банк Қытайдың жылжымайтын мүлік секторы бойынша болжамын төмендетті және енді жаңа жобалардың түбі тек 2026 жылдың ортасында көрінеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайдың тұрғын үй нарығындағы құлдырау бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Тұрғын үй бағасы төмендеп жатыр, салынып жатқан үйлердің саны 20%-ға қысқарды. Кейінгі екі жылда бұл дағдарыс көптеген саланы, соның ішінде еңбек нарығын құлдыратты.

Lego Еуропа мен Солтүстік Америкадағы жоғары сатылымдар арқылы бәсекелестерінен асып түседі

Reuters Lego сатылымы бірінші жартыжылдықта басқа ойыншық өндірушілердің көрсеткіштерінен асып түсті деп хабарлады. Компания қаңтардан маусымға дейін сатылым 13%-ға – 31 млрд дат кронына (4,65 млрд доллар) дейін өскенін хабарлады. Өткен жылы Lego сатылымы бірінші жартыжылдықта тек 1%-ға өскен-ді. Ал 2022 жылғы өсім 17%-ға тең болған еді. Lego операциялық кірісі 26%-ға көбейіп, 8,1 млрд кронға жетті.

Lego сатылымының күрт өсуі әлемдік ойыншықтар нарығының тоқырауына және Mattel, Hasbro, My Little Pony сияқты бәсекелестердің әлсіз сатылымына қайшы келеді. «Нәтижелеріміз жалпы ойыншықтар нарығына қарағанда айтарлықтай жақсырақ және біз нарық үлесін жоғары қарқынмен иелендік», – деді компанияның бас директоры Нильс Кристиансен.

Биылғы дүниежүзілік ойыншықтар нарығы 2023 жылы сатылымның 7%-ға төмендеуінен кейін тоқырауға ұшырады. Бірақ Lego басшылығы 2024 жылдың соңына қарай өз көрсеткіштері екі цифрлы өсімді көрсетеріне сенімді. Компания 100-ге жуық дүкен ашуды жоспарлап отыр. Бұл алдыңғы жылдарға қарағанда сәл аздау. Нәтижесінде дүкендердің жалпы саны 1 100-ден асып түседі.

«Біз Қытайдан дүкендерді азырақ ашамыз, өйткені ондағы тұтынушылардың ұстамдылығын көріп отырмыз», – деді Кристиансен. Оның орнына компания сұраныс жоғары Еуропа мен Солтүстік Америкаға назар аудармақ.

Bitcoin қарашаға дейін жаңа рекорд орната алады

Hyblock Capital, Bitcoin криптовалюталарын зерттеу платформасының негізін қалаушы және атқарушы директоры Шубх Варманың айтуынша, қыркүйек-қараша айларында биткоин рекордтық деңгейге жетуі мүмкін. Бұл ФРЖ-ның ставкаларды төмендету туралы шешімінен өте құбылмалы кезеңге дәліз болады, деп жазды MarketWatch.

АҚШ-тағы президенттік сайлаумен бірге ақша-несие саясатын жеңілдету құбылмалылықты тудыруы мүмкін, деп атап өтті Варма. Оның пікірінше, егер ФРЖ ставкалардың төмендеуі тәуекелді активтер үшін «ілеспе жел» болса, криптовалюталар үшін оптимистік жағдай орнауы мүмкін.

«Биыл биткоин фьючерстеріне деген ашық қызығушылық өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болды. Оның бағымының бұрынғы рекордтық максимумы 73,7 мың долларға жетуі немесе соған жақындауы бөлшек инвесторлар үшін «тағы да тегін жарнама сияқты болады», – дейді Варма.