Жаңалықтар

Жас DevOps инженерге керек негізгі 10 машық

 DevOps инженерге қандай білім керек?/ Фото: elements.envato.com

Компания штатында девопс-менеджер болса, онда басқа қызметкерлердің эмоциялық жағдайы тұрақты, ұжымдағылардың бір-бірімен байланысы берік, ұйымның таргет көрсеткіші жоғары болады деседі. Осындай жағымды әсер көрсете алатындай DevOps-тардың нендей құдіреті бар? Жалақысы жоғары бұл мамандардан қандай машықтар талап етіледі? Бүгінгі материалымызда осы туралы айтамыз.

DevOps инженерге қандай білім керек?

  1. Linux. Ең негізгісі — осы. Өйткені қолданбаларды орналастыратын негізгі операциялық жүйе ретінде кеңінен қолданылады. Ansible, Chef немесе Puppet сияқты конфигурацияларды басқаратын жүйелер мен құралдардың басым бөлігі Linux-те істейді. Егер жүйелермен жұмыс істей алмасаңыз, онда қателіктерді де реттеуіңіз қиын. Негізгі білуі керек дүниелердің қатарына жүйеге әкімші болу, файлдарды өңдеу, процестерді басқару және мәтінді өңдеуді жатқызуға болады. Күрделі тапсырмаларды орындауға осылар көмектеседі.
  2. Тиісті құралдар мен технологиялар. DevOps инженерлер бағдарламалық жасақтаманың өмірлік циклін жеңілдетуге көмектесетін құрал мен технологияның түр-түрін білуі шарт. Сонымен бірге инфрақұрылымды автомат түрде басқарылатындай, жүйе дұрыс жұмыс істеп тұратындай етіп қоюы керек. Олай болса, сол құралдар мен технологиялардың бірқатарын тізіп шығалық:
  3. Нұсқаларды басқаратын жүйелерді біліп алыңыз. Мысалы Git немесе SVN;
  4. Үздіксіз интеграция жасауға мүмкіндік беретін серверлер (Jenkins болмаса Travis CI);   
  5. Конфигурацияны басқаратын құралдар (Ansible, Chef не Puppet);
  6. Контейнерлер (соның ішінде Docker аса маңызды) мен оларды оркестрлейтін Kubernetes сияқты құралдар;
  7. Terraform немесе CloudFormation секілді инфрақұрылымды оркестрлеуге арналған құралдар;
  8. Фреймуорктер мен тестілеу процесін автоматтандыруға арналған Selenium не JUnit секілді құралдар;
  9. Клаудтағы сапаны қамтамасыз ететін құралдар (SonarQube немесе JMeter);
  10. Мониториң және анализге керек құралдар (Splunk болмаса Prometheus);
  11. Түрлі желі хаттамалары: TCP/IP, DNS немесе HTTPS.
  12. Клауд технологиялармен жұмыс. Қазір бұлт технологиялары жиі қолданылады. Сондықтан девопстар бұл саладан хабардар болуы керек. Соның ішінде AWS, Azure және GCP деген негізгі провайдерлерді жақсы білуге тиіс. Осы клауд технологиялармен жұмыс істей алса, DevOps инженерлер деректерді жинақтап мониториң және дәр кезінде анализ жасауға мүмкіндік алады. Өнімділікке қатысты мәселені де уақытылы анықтап, шешіп отырады. Сол арқылы клиенттің көңілін толықтай табады. 
  13. Бағдарламалау. Алға қойылған мақсат пен тапсырмаға қарай девопстар түрлі бағдарламалау тілін қолдануы мүмкін. Атап айтқанда: Java, JavaScript, Python, Ruby, PHP. Осы және өзге де тілдерді білсеңіз, жұмыс процесін әжептәуір жақсарта аласыз. Мысалы қайталана беретін тапсырмаларды біржолата автоматтандырып, инфрақұрылымды код басқарғандай қылып реттеп сайт не қолданба жасау процесін жеңілдетуге болады. Айтпақшы, осы тілдерді меңгерген кезде кейбірінде скрипт жасай алу талап етеді. 
  14. Скрипт жазу. Бұл дегеніңіз былайша айтқанда — сценарий құру. Девопс инженерден басты талап етілетін маңызды компонент десек болады. Скрипт жазу машығы сұралатын негізгі саланың бірі — автоматизация. DevOps инженерлер жазған скрипттер бағдарламалау процесін толықтай бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Бұл болса, уақытқа үнем әрі мейлінше аз қате жіберуге көмектеседі. Одан қала берді сынақ ортасын қолдауға және жасауға да скрипттер қолданылады. Соның көмегімен инженерлер қолданбаларды тестілеуді автоматтандыра алады. Осылайша сынақтан өткізу процесі жеңілдеп қана қоймай, қателер мен мәселелерді тезірек тауып, шешуге ықпал етеді.
  15. Тестілеу. DevOps инженерлер түрлі сынақ жүргізу тәсілімен таныс болуға тиіс. Оның ішінде:   
  16. Модульдік тестілеу;
  17. Интеграциялық тестілеу;
  18. Өнімділікті сынақтан өткізу;
  19. Орналастыру тестілеу.

Жалпы алғанда бұдан басқа да құрал мен фреймуорк көп. Оның ішінде ең танымалдары — Selenium, Gatling, Postman, Cypress. Тестілеу мен түрлі сынақ өткізетін құралды білетін машық арқылы DevOps-инженерлер бағдарламалық қолданбаларды жоғары сапа стандарттарына сай етіп жасап, өнімділікті де арттыруға мүмкіндік алады.  

  • Автоматизация. Бұған дейін автоматтандыруға керек бірнеше құрал мен тілді шолып өттік. Автоматтандыру процесі күрделенген сайын олардың саны да көбейе береді. Автоматизация арқылы қайталана беретін тапсырмаларды реттеуге болатынынын жақсы білеміз. Сол арқылы инженерлер релиздерді жылдам әрі сенімдірек жасайтын болады. Сондықтан Jenkins, Ansible, Puppet және Docker сынды автоматтандыру құралдары мен платформаларын шемішкеше шаққаны жөн. Қолданбаның өнімділігіне анализ бен мониториң жасау үшін Prometheus, Grafana және New Relic сияқты бірқатар құралды қолдануға болады.  
  • Қауіпсіздік. DevOps-инженерлер кибершабуыл мен бағдарламалық жасақтамадағы олқылық мейлінше аз болуы үшін бағдарламалаудың өмірлік циклінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек. Осы ретте мына машықтар аса маңызды:
  • Өзгерістерді басқару,
  • Кодқа анализ жасау,
  • Қауіпсіздік инциденттерін түсіну әрі дер кезінде реакция білдіру,
  • Олқылықтарды бағалау.
  • Контейнерлеу яки контейнеризация. Бұл қолданбаларды өнімді басқаруға көмектеседі. Яғни барлық компонентті бір контейнерге орап, кейін керек кезде кез келген инфрақұрылымда аша салуға мүмкіндік береді. Контейнерлер қолданбаны іске қосуға арналған біртекті әрі оқшауланған орта жасайды. Негізгі инфрақұрылымы қандай болса да, қай жерде де бірдей ашылады деп кепіл береді. Соның арқасында девопс-инженерлер қолданбаларды түрлі ортада ауыстыра береді. Мысалы бағдарламалау, тестілеу не өндіріс дегендей. Контейнерлеудің тағы бір артықшылығы — ауқымы. Қолданбалар ауқымын кеңейту үшін Kubernetes сияқты платформаларды қолдануға болады.   
  • Үздіксіз интеграция және жеткізу практикасы (CI/CD). Continuous Integration мен Continuous Delivery девопс-инженерия саласындағы маңызды практика саналады. CI-дің ішінде код өзгерісінің жалпы репозиториймен біріктіру процесі бар. Сонда барлық өзгеріс сол күйі көшеді. Осының арқасында жұмыстағы олқылықты ерте байқауға болады. CI-дің басты қағидасы — командалардың үздіксіз жұмыс істеп, өз кодын сынауға мүмкіндік беру. Ал CD болса, релизді автоматтандыруға және қолданбаларды орналастыруға жауап береді. Оның мақсаты — бағдарламалық жасақтаманы қолданушылар мен клиенттерге жеткізуді оңтайландыру. Нарықта бұл практикаларды қолдануға арналған Jenkins, CircleCI, Bamboo және өзге де құралдар бар.