Telegram негізін қалаушы Павел Дуров енді ата-ана құқығынан айырылды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
дуров
Ирина Болгар Женевадағы балалар мен ересектерді қорғау трибуналына барудан басқа таңдау қалмағанын айтады / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Швейцария соты Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты ата-ана құқығынан айырды. Бұл туралы өзін Дуровтың үш баласының анасымын деп атаған Ирина Болгар Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Ол сотқа құқығын қорғау үшін барғанын және кәсіпкердің үстінен шағым түсіргенін мәлімдеді.

Ирина Болгардың айтуынша, 2022 жылдың соңында Дуров оған еркінен тыс және мәжбүрлі түрде БАӘ-ге көшуін талап еткен. Ал ол уақытта екеуінің арасындағы қарым-қатынас іс жүзінде тоқтағанын айтады.

«Дуров маған ай сайын 150 мың еуроға дейін ақша жұмсауға құқық беретін нотариалды куәландырылған мерзімсіз рұқсаттар негізінде жылдар бойы пайдаланған барлық картамды бұғаттады. Мен өзімнің және балаларымның құқықтарын заңды түрде қорғайтынымды айтқанымда, ол балалардың еуропалық иммиграциялық құжаттарын ұзарту туралы келісімдерге қол қоюдан бас тартты»,– деп түсіндірді ол.

Ирина Болгар бұл ультиматум әйелдің және балаларының құқықтарын қорғау үшін еуропалық соттарға баруына жол бермеу үшін қойылғанын айтты.

«Ол маған Женевадағы балалар мен ересектерді қорғау трибуналына жүгінуден басқа амал қалдырмады. Бұл арқылы балалардың әкімшілік құжаттарын өз бетінше ұзартуға мүмкіндік алуды көздеді. Женеваның қамқоршылық органдары жүргізген тергеуді бастады, нәтижесінде Дуровтың үш баламызға қатысты ата-ана құқығынан айыру туралы шешім қабылданды», – деп бөлісті Болгар.

Ирниа Болгар қамқоршылық органдарына Дуровпен байланысқа шығуға болатын барлық номерді бергенін айтады. Алайда кәсіпкер жауап бермеген.

Еске сала кетсек, 24 тамызда Telegram мессенджерінің иесі, миллиардер Павел Дуров Париж әуежайында ұсталды. Ол Ле Бурже әуежайына Әзербайжаннан жеке ұшағымен қонған сәтінде тұтқындалды.

Бұл жаңалықтан соң, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев пен Қазақстан журналистер одағы француз билігін Павел Дуров пен Telegram командасынан кінарат іздемеуге шақырдыДуровқа қолдау білдіріп, Францияны сынағандар қатарында Х желісінің иесі Илон Маск пен АҚШ журналисі Такер Карлсон бар.  

Бұл мәселеге қатысты Франция басшысы Макрон да пікір білдірді. Ол Дуровтың ұсталуының саяси астары жоқ екенін айтты.

Ал, 28 тамызда Павел Дуров бостандыққа шықты. Франция соты Telegram иесін қамаудан босатты. Ол 5 млн еуро көлемінде кепіл төлеп шыққан. 

Сондай-ақ оқыңыз