Демалысты пайдалы әрі қызықты өткізу үшін, ғылыми-танымдық Qalam порталында жарияланған материалдар топтамасын ұсынамыз. Осы аптада: Моңғолияда қалған қазақтың ізі, механикалық сағаттың тарихы, Гиппократ антын бұзуы мүмкін бе және Дуровқа қатысты оқиғалар туралы пайымдар деген тақырыпта материалдар жарық көрді.
Ұланбатырды ойлап тапқан қазақ
2022 жылы қыркүйек айында Моңғолияның конституциясына өзгеріс енгізу үшін құралған партия аралық комиссия, ел астанасының депутаттарының Ұланбатыр қаласын «Батыр» деп өзгертейік деген ұсынысын қарастырып жатқан болатын. Ел астанасының алғашқы бөлігі жұрттың көбісіне ұнамайды. («Улаан», яғни моңғол тілінен «қызыл» деп аударылады). Әрі бұған жазықты жан — қазақтың қара домалақ баласы. Кезінде Моңғол елінің астанасының атауын 26 жасында Түркістан АСКР Орталық атқарушы комитетінің төрағасы сайланған, қазақ баласы Тұрар Рұсқұлов қойған болатын.
Механикалық сағаттың тарихы
Карл Маркс бос уақытты адамның шынайы байлығының өлшемі деп есептеген-ді. Негізінде, бүкіл тарихты бос уақыт үшін күрес деп санауға болады. Су немесе тамақ табу, қашықтықты еңсеру үшін біз ата-бабамызға қарағанда, ондаған, жүздеген есе аз уақыт жұмсаймыз. Алайда сол бос уақыттың бізге қаншалықты пайдалы болғаны беймәлім. Солай десек те, бұл адам ойының ең күрделі туындысының бірі — сағатты ойлап табу үшін кәдеге жарады.
Гиппократ қалай антын бұзды
Гиппократтың әлемге әйгілі антында (еш жерде хатқа түспеген болса да) былай деп айтылған: «Қай үйге кірсем де, мен науқастың игілігі үшін кіріп, қасақана, әділетсіз және зиянды істерден, әсіресе, әйелдер мен еркектерге, еркін адамдар мен құлдарға қатысты махаббат істерінен аулақ боламын». Бұған сену қиын, дегенмен Гиппократ кемі бір рет өз антынан тайқыған.
Ай сөзі: Дуров
Дуров өзін жүйеге қарсы адам ретінде (бірақ оны көбісі жүйенің агенті деп қабылдайды), ал Telegram-ын толық тәуелсіз ақпараттық платформа ретінде көрсетеді. Сөз бостандығын өзінше (қаншалықты айыпты болса да) түсінгені үшін де Qalam-ның «Ай сөзі» айдарынан бір-ақ шықты.