Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты және қырғыз халқын тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Ақорда таратқан ақпаратқа сүйенсек, президент Тоқаев өзінің құттықтау жеделхатында егеменді Қырғыз Республикасының тарихындағы бұл айтулы күн елдің мемлекеттілігін одан әрі нығайтуға және өсіп-өркендеуіне берік негіз қалағанын атап өтті. Сондай-ақ Президент стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухына толық сай келетін қазақ-қырғыз ынтымақтастығының дамуына жоғары баға берді.
Бұған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас қырғыз халқына бақ-береке тіледі.
Еске сала кетейік, 31 тамыз Қырғызстан тәуелсіздік күні. Биыл 33 жылдығын атап өтеді. Тәуелсіздік күніне орай Филипп Киркоров пен Стас Михайлов бастаған ресейлік әншілердің қатысуымен гала-концерт өтеді. Қырғызстанның тәуелсіздігіне арналған концертте ресейлік жұлдыздардың өнер көрсетуіне жергілікті халықтың қарсы болғаны туралы жазған едік.