Жаңалықтар

Алматыда жөндеуге байланысты ҮАК бойындағы көше учаскелері бірнеше күнге жабылады

көше учаскелері бірнеше күнге жабылады / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Үлкен Алматы каналы бойындағы көше учаскелеріне орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі деп хабарлайды қала әкімдігі.

Әкімдіктің мәліметінше, 31 тамызда сағат 23.00-ден 2 қыркүйекте сағат 11.00-ге дейін Саин даңғылынан Центральная көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.
Айналма жол дублер және Жаужүрек, Центральная, Ақ-қайнар көшелерімен қамтамасыз етіледі.

1 қыркүйек сағат 23:00-ден 11:00-ге дейін 3 қыркүйекте қозғалыс Центральная көшесінен Махамбет Өтемісұлы көшесіне дейінгі учаскеде жабылады.

2 қыркүйекте  сағат 23.00-ден 11.00-ге дейін 4 қыркүйекте Өтемісұлы көшесінен Бәйдібек би көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

3 қыркүйекте сағат 23.00-ден 11.00-ге дейін 5 қыркүйекте қозғалыс Бәйдібек би көшесінен Солтүстік айналма көшесіне дейінгі учаскеде жабылады.

«Жөнделетін учаскелерде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар стендтер қойылады.  Бағыттарды алдын ала жоспарлауды сұраймыз»,  –делінген хабарламада.