Еркін Ғаббасов Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында нысана көздеуден күміс жүлдегер атанып, ел қоржынына алғашқы медальді салды деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі.
Министрліктің мәліметіне сүйенсек, R1 санатында винтовкамен 10 метрге пара оқ атудан сынға түскен қазақстандық спортшы күміс жүлдеге қол жеткізді.
Алтын медальды 249, 4 ұпай жинаған Корея спортшысы Парк Дж, ал қола медаль 226 ұпай жинаған Дания елінің спортшысына бұйырды.
Еске сала кетейік, Париждегі Паралимпиадаға Қазақстан атынан 44 спортшы барды. Олар спорттың 9 түрінена бақ сынайды. Жарыс 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Парижде өтеді.
Айта кетейік, 2021 жылы Токиода өткен Паралимпиада ойындарында Қазақстан 1 алтын (Давид Дегтярев), 3 күміс (Ануар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина), 1 қола (Нұрдәулет Жұмағали) медаль иеленген. Бұл ойындарға ел атынан 7 спорт түрінен 26 спортшы қатысқан.