Шығыс Қазақстан облысындағы «Ертіс» шахтасында төрт адам қаза тапты

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
ШҚО-дағы кен орнында төрт жұмысшы қаза тапты / Фото: архив kursiv.media

Шығыс Қазақстан облысындағы Ертіс шахтасында төрт адам қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, олар газдан уланып қайтыс болған деп хабарлайды KAZ Minerals.

» 2024 жылғы 31 тамызда шамамен 17.30 сағатта «Ертіс» шахтасында кәсіпорынның екі қызметкерінің және мердігер ұйымның екі қызметкерінің мәйіттері табылды. Алдын ала себебі – газдан улану. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, қайғылы оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals Тобының Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук жазатайым оқиғаны тергеуге жеке қатысу үшін Ертіс шахтасына барды. KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады», – делінген хабарламада.

Компанияның берген мәліметі бойынша, марқұмдардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетеді.

Айта кетейік, КAZ Minerals Limited – Қазақстанда заманауи, ірі ауқымды, азшығынды карьерлік типтегі тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған, өсу әлеуеті зор мыс өндіруші компания. Топ операциялық іс-қызметін Абай облысында орналасқан Ақтоғай және Павлодар облысындағы Бозшакөл ашық кеніштерде, сонымен қатар Шығыс Қазақстан, Абай облыстарындағы үш кеніш пен кен байыту фабрикаларында және Қырғызстандағы Бозымшақ мыс-алтын кенішінде жүргізеді.

KAZ Minerals-та Қазақстанда, Қырғызстанда және Ресейде шамамен 14 000 адам жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Qarmet» компаниясына қарасты мердігер ұйымының екі жұмысшысы мерт болғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз