Білім күні: 87 мың оқушы жаңа мектептерде оқу жылын қарсы алып отыр

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: kursiv.media

1 қыркүйек – Білім күні Оқу-ағарту министрлігі кейбір статистикалық мәліметтерді жариялады.

Министрлік мәліметі бойынша қыркүйек айынан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарға арналған 3,5 мың кеңес беру пункті өз жұмысын бастайды.

Колледждерде оқитын 300 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы 50%-ға артты. 1,7 млн ​​оқушы мектептерде тегін тамақтанады.

87 мың оқушы жаңадан салынған 70 мектепке барды. Жалпы 2024-2025 оқу жылы 536 мың оқушыға арналған 302 мектеп пайдалануға беріледі.

Жалпы қазақстандық мектептерде 3,9 млн оқушы білім алады. Биыл 352 мың балақай алғаш рет мектеп табалдырығын аттады, ал 11-сыныпқа 219 мың шәкірт көшті.

«Оқу бағдарламасына буллингке қарсы іс-шаралардың бірі – «Қауіпсіздік сабағы» енгізілуде. Мұның барлығы отандық білімнің сапасын арттыруға, балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта құруға бағытталған», – деп мәлімдеді ведомство.

2023-2024 оқу жылын 3,8 миллионнан астам оқушы аяқтады.

Қазақстанда 2024-2025 оқу жылында мектеп оқушылары 34 апта білім алады. Оқу жылы 2024 жылғы 1 қыркүйектен – 2025 жылғы 25 мамырға дейін жалғасады. 

Сондай-ақ оқыңыз