Бізге банктер туралы жаңа заң қажет – Президент
Жарияланды
Қазақстанда банктер туралы жаңа заң қабылданады. Бұл туралы ел халқына жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Бізге Банктер туралы жаңа заң қажет. Бұл құжатта экономикалық белсенділікті қолдау және финтех саласын қарқынды дамыту сияқты өзекті мәселелер шешімін табуы керек», – деді Президент.
Қазір қолданып жүрген заң шамамен 30 жыл бұрын қабылданған.
«Ол кезде заман да мүлде басқа болды», – деді Тоқаев.
Ұлттық банктің статистикасы бойынша Қазақстанда 21 банк жұмыс істейді. Соның 11-і шетелдің қатысуымен, 8-і – еншілес банктер.
Еске сала кетсек, 2024 жылғы наурызда қазақстандық банктердің пайдасы 569,5 млрд теңгені құраған. Бұл ақпан айындағы 389,5 млрд теңге көрсеткіштен 46%-ға артық.