Lifestyle

Xiaomi Motors 2024 жылдың қарашасында дейін 100 мың электромобиль сатуды жоспарлап отыр

Тамыз айында Xiaomi электромобилінің жеткізілімі 10 мың дананы құрады / Фото: Reuters/Tingshu Wang, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Xiaomi Motors 2024 жылдың қарашасына дейін 100 мың бірлік SU7 электромобилін сатуды жоспарлап отыр деп жазады ITHome қытайлық өндірушіге сілтеме жасап.

Қытайлық өндіруші өзінің алғашқы электромобилі – SU7-ні 2023 жылдың желтоқсанында таныстырды. Ал оның сатылымы 2024 жылдың наурыз-сәуір айларында басталды. Шілдеден тамызға дейін автоконцерн ай сайын 10 мыңнан астам көлік сатқан.

«Осылайша өндіруші қарашаға дейін 100 мың бірлік көлік сатуды жоспарлап отыр», – деп хабарлады басылым.

Шілде айында SU7 28 мың доллардан асатын электр көліктерін экспорттау бойынша Қытайдың үздік он брендінің қатарына кірді. Рейтингте екінші және үшінші орында Tesla Model 3 және Zeekr 001 тұр. Аталған өндірушілер 9 мың электромобиль шығарды.

Xiaomi SU7-нің үш түрін ұсынды: Standard 30 мың доллар, Pro 35 мың доллар, Max 42 мың доллар тұрады. Өткен айда Xiaomi бас директоры Лей Джун SU7 Ultra үш моторлы электр көлігінің шағын көлемді өндірісін бастағанын хабарлады. Электромобильдің аталған түрі келесі жылдың бірінші тоқсанында шығарылады.

Еске сала кетсек, 2024 жылғы 20 сәуірдегі жағдай бойынша қытайлық Xiaomi өзінің алғашқы электромобилі SU7-ге 70 мыңнан астам тапсырыс алды.