«Астана» – «Челси» ойыны қайда және қашан өтеді?

Жарияланды 2 Қыркүйек 2024 10:23

(жаңартылды 2 Қыркүйек 2024 11:22)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
«Астана» – «Челси» ойыны Алматыда өтеді /Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

«Астана» – «Челси» ойыны 12 желтоқсан күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Бұл туралы ақпарат FIFA-ның ресми сайтында жарияланған

«Астана» Конференция лигасының жаңа форматына байланысты негізгі кезеңде 6 ойын өткізеді. Оның үшеуі елде, үшеуі өзге елде өтеді.

Монакода өткен жеребе тарту рәсімінің нәтижесі бойынша «Астаны» елдегі ойындарда «Челси», «Витория Гимарайнш» және ТСЦ командаларын қарсы алады. Сосын АПОЭЛ, «Нью-Сейнтс» және «Пафос» командаларына қонаққа барады.

3 қазан өз алаңында vs «Бачка-Топола» (Сербия)

24 қазан сырт алаңда vs «Нью-Сэйнтс» (Уэльс)

7 қараша сырт алаңда vs «Пафос» (Кипр)

28 қазан өз алаңында vs «Витория Гимарайнш» (Португалия)

12 желтоқсан өз алаңында vs «Челси» (Англия)

19 желтоқсан сырт алаңда vs АПОЭЛ (Кипр)

Еске сала кетейік, бұған дейін «Манчестер Сити» жұлдызы Эрлинг Холанд пен «Арсенал» ойыншысы Мартин Эдегор Алматыға келетіні туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз