Жаңалықтар

Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарында су тасқыны қаупі бар

дауылды нөсер
Жауын-шашын салдарынан су тасқыны қаупі бар / shutterstock

Синоптиктер 2-3 қыркүйек күндері қатты жауын-шашын салдарынан таулы және тау бөктеріндегі аудандардағы өзендерде су тасқыны қаупі бар.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 2024 жылғы 2-3 қыркүйек аралығында қатты жауын-шашынның болуына байланысты Жетісу, Жамбыл, Алматы облыстарының және Алматы қаласының іргелес аумақтарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жер үстімен ағып келетін су ағыны мен өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіліп отыр. Су тасуы және су басуы мүмкін.

Ведомствоның мәліметінше, судың қауіпті деңгейден асып кетсе, өзендердің жайылма бөліктерінде орналасқан елдімекендер, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басуы мүмкін.

Сондай-ақ 2 қыркүйекте ауа райының нашарлауына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер тұман, қатты жаңбыр, найзағай, жел күтілетінін және кейбір өңірлерде төтенше өрт қаупінің сақталатынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін күзгі ауа райына синоптиктер болжам берген еді.