Жаңалықтар

Қытайлық Jianlong металлургиялық компаниясы Қазақстанда болат өндіретін зауыт салмақ

Какая китайская компания откроет сталелитейный завод в РК
Коллаж: shutterstock, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Қытайлық Jianlong металлургиялық компаниясы Қазақстанда болат пен болат өнімдерін шығаратын зауыт салуды көздеп отыр. Инвесторлар қазіргі уақытта жоба-жоспарды жан-жақты зерттеуде.

Fortune Global 500 тізіміне енген Jianlong тобы – Қытайда болатты толық өнеркәсіптік өндірушілерінің бірі. Jianlong-тың Қытайда және шетелде 14 зауыты бар. Жылына кәсіпорындар шамамен 42 млн тонна болат өндіреді.

Jianlong сонымен қатар логистика, сауда, ванадий және титан өндірісімен, сондай-ақ үлестік инвестициялармен айналысады.

Қытайлық инвесторлар өнеркәсіп саласында бірнеше жобаны қолға алған. Fujian Hengwang Investment Co. компаниясы Шымкентте металлургиялық зауыт салады. Жобаны жүзеге асыру барысында аталған компания Қазақстан экономикасына 1,75 млрд доллар инвестициялап, мың жаңа жұмыс орнын ашпақ.

Үш кезеңдік металлургиялық зауыт бес жыл ішінде салынады. Оның жылдық өндірістік қуаты 5 млн тоннаны құрайды. Кәсіпорын экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әлемдегі ең озық технологияларды пайдаланатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкентте Қытай компаниясы керамикалық зауыт салып жатыр. Зауыт құрылысына шетел компаниясы 50 млн доллар қаржы құйған.