Өзбекстандағы кен орындарының бірінде ауаға күкіртсутегі тарап кетті

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Күкіртсутегінің тарауы ұңғыма бұрғылау кезінде орын алды / Фото: Өзбекстан ТЖМ

Өзбекстанның Сұрқандария облысындағы кен орнының ұңғымасын бұрғылау кезінде техникалық талаптар тиісті деңгейде орындалмай, салдарынан күкіртсутектегі ауаға тарады.

Күкіртсутегінің тарауы Байсун ауданындағы газ кен орнының ұңғымаларының бірінде болған.

«1 қыркүйекте сағат 15.17-де Құлқамыш махалласындағы «Тәуелсіздікке 25 жыл» (М-25) газ кен орнының 604-ші ұңғымасында бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде техникалық талаптар бұзылып күкіртті сутегі ауаға тарап кетті», – делінген хабарламада.

Республиканың Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, зардап шеккендер жоқ, Жағдай толықтай бақылауға алынған.

Айта кетейік, химиялық кәсіпорындарда күкіртсутектің бөлінуі қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Мұндай оқиғалар негізінен технологиялық процестің бұзылуы, жабдықты жеткіліксіз бақылау немесе қауіпсіздік стандарттарын сақтамау салдарынан болуы мүмкін.

Еске салсақ, шілде айының соңында біздің елде де күкіртпен байланысты төтенше оқиға орын алған еді. Нақтырақ айтсақ, Шымкент индустриялық аумағында күкірт өртенді. Салдарынан 10 адам зардап шекті. Оның біреуі уланса, 9-ын күйік шалды. Соның ішінде 8 адам ауруханаға жатқызылған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз