ITS халықаралық сауда платформасы 2024 жылдың 4 қыркүйегінен бастап инвесторларға АҚШ қор нарығының қосымша 1004 бағалы қағаздарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осылайша сауда алаңында сатылатын құралдар тізімі 2 есеге жуық кеңейеді. ITS-тегі акциялар, ETF және депозиттік түбіртектердің жалпы саны 2 752-ге жетпек.
«ITS клиенттеріне ең қызықты қаржылық өнімдерді ұсынуға ұмтылады. Инвестициялау үшін қолжетімді құралдардың ішінде, атап айтқанда, чип өндірушілер мен жылжымайтын мүлік қорларының акциялары бар. Біз эмитенттердің географиясын кеңейтіп, бірегей өнімдерді ұсыну арқылы инвестициялық құралдардың санын көбейтуді жалғастырамыз», – деді ITS бас директоры Шыңғыс Қанапьянов.
ITS сауда платформасы клиенттерге кез келген инвестициялық стратегия үшін бағалы қағаздарды ұсына отырып, инвестициялық портфелін әртараптандыруға мүмкіндік береді. Мұнда технологиялық компаниялар акцияларынан бастап, денсаулық сақтауға қатысты алпауыттардың акциялары бар.
Сауда-саттықтағы бағалы қағаздар тізімін кеңейту әрбір инвесторға өзіне ұнайтын нәрсені табуға мүмкіндік жасайды. Мысалы, түсінікті бизнесті жүргізетін немесе керісінше жаңа атаулар мен бағыттарды ашатын компаниялар бар.
«IT секторының жақтаушылары ITS-те бұрыннан қол жетімді болған IBM, Microsoft немесе Oracle сияқты саланың белгілі өкілдерінен ғана емес, сонымен қатар жартылай өткізгіш сектордағы 63 компанияның жаңа бағалы қағаздарын таңдай алады», — деп түсіндірді ITS аналитика департаментінің директоры Павел Пахомов.
Консервативті адамдар 130 REIT (жылжымайтын мүлікке инвестициялау тресттері) сияқты немесе Abbott Laboratories, Coca-Cola және McDonald’s сияқты 60-тан астам компаниялар арасында әрқашан жоғары дивидендті акцияларды таба алады.
Ал болашақтың технологияларына инвестиция салғысы келетіндер үшін ITS 234 биотехнологиялық компанияны ұсынады.
Еске сала кетсек, бұған дейін қазақстандық Paidax брокері халықаралық ITS сауда алаңына шықты.