«Қайрат» футбол клубының бапкері Александр Кержаков қызметінен кетті

Жарияланды 3 Қыркүйек 2024 12:11

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Александр Кержаков «Қайрат» футбол клубынан кетті / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Алматылық «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Александр Кержаков өз еркімен қызметінен кетті. Бұл туралы футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.

«Ресейлік маманмен келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды. Онымен бірге оның көмекшілері Владимир Казаков пен Руслан Аджинджал да клубтан кетеді. Александр Анатольевичке атқарған жұмысына алғыс айта отырып, мансап жолында одан әрі табыс тілейміз!», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Кержаков «Қайратқа» мамыр айының соңында келген. Оның жетекшілігімен команда 12 матч өткізіп, 6 рет жеңіске жетіп, 3 рет тең түсіп, 3 рет қарсыластарына есе жіберді.

Сарапшылардың пікірінше, Кержаков 1 қыркүйек күні «Астанадан» жеңіліс тапқаннан кейін өз еркімен қызметінен кетуді шешті.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Астана» – «Челси» ойыны 12 желтоқсан күні Алматыдағы Орталық стадионда өтетіні туралы жазған едік.

Сондай-ақ, 6 қыркүйекте Алматының орталық стадионында Қазақстан-Норвегия ойыны өтеді. Бұл ойынға «Манчестер Сити» жұлдызы Эрлинг Холанд пен «Арсенал» ойыншысы Мартин Эдегор келеді.

Сондай-ақ оқыңыз