Lifestyle

Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Александр Бублик Lexus Kazakhstan бренд амбассадорлары атанды

Елена Рыбакина Lexus амбассадоры атанды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстанның қос бірінші ракеткалары Елена Рыбакина мен Александр Бублик Lexus Kazakhstan бренд амбассадорлары атанды. Бұл туралы Lexus Kazakhstan компаниясы мәлімдеді.

«Елена Рыбакина 2022 жылғы Уимблдон чемпионы, WTA әлемдік рейтингінде 4-ші орын иегері және Қазақстанның бірінші ракеткасы, енді ресми Lexus Kazakhstan амбассадоры атанды!

Lexus Kazakhstan мен Елена Қазақстандағы теннис таланттарының келесі ұрпағын шабыттандырып, дамыту үшін басталған бірегей жоба «Tennis For Life by Lexus» бағдарламасын қолдау үшін күш біріктірді.
Еленаның спортқа деген құштарлығы, табандылығы, мінсіздікке ұмтылысы Lexus құндылықтарымен тамаша үйлеседі. Бірге біз теннисті қолжетімді етеміз және жас спортшыларға жаңа биіктерге жетуге көмектесеміз!», – делінген хабарламада.

Lexus компаниясының мәліметінше, бұл серіктестік аясында спортшы «Tennis For Life by Lexus» атты балаларды тенниске тарту және дамыту бойынша бірегей бағдарламасына белсенді қатысатын болады.

Бағдарлама Қазақстан теннис федерациясымен бірлесе жүзеге асырылып, балаларды тенниске баулуға, Қазақстан бойынша жаңа таланттарды ашып, оларға спорттық дайындық үшін оңтайлы жағдай жасауға бағытталған.

«Lexus Kazakhstan-ның амбассадоры атанғаныма өте қуаныштымын. Ең бастысы, бұл бастама арқылы жас спортшыларға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Өзім теннисте мұндай қолдаудың қаншалықты маңызды екенін жақсы білемін», — деді Елена Рыбакина.

Еске сала кетейік, бұған дейін Елена Рыбакина АҚШ-тағы US Open турнирін жалғастырудан бас тартты. Спортшы бұл шешімге жарақаты әсер еткенін айтқан еді.

Сондай-ақ Елена Париж Олимпиадасына қатыспады. Қазақстан теннис федерациясы спортшының денсаулығында кінәрат болғандықтан, осындай шешім қабылдады деп түсіндірді.