Екі жылда кинотеатрлардың табысы айтарлықтай азайды: кіріс көрсеткішінен Алматы алда тұр

Жарияланды 3 Қыркүйек 2024 22:02

(жаңартылды 4 Қыркүйек 2024 09:36)
Нұртай Текебаев

Нұртай Текебаев

Тілші
Киноорталық
Екі жылда кинотеатрлардың табысы азайды/ фото kursiv.media

Кинотеатрлардың табысы екі жылда ең төмен деңгейге түсті. 2024 жылдың II тоқсанында кинотеатрлар 6,6 млрд теңге табыс тапты. Бұл деңгейден төмен көрсеткіш соңғы рет 2022 жылдың III тоқсанында тіркелген.

DATA HUB билет бағасы бойынша көрсеткіш I тоқсанға қарағанда үштен бірге, ал 2023 жылдың II тоқсанына қарағанда бестен бірге төмендегенін аңғарды.

Табыстың 38%-ы Алматыға тиесілі. Бұл, әсіресе, жылдық мәнде жалпы көрсеткіштің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Қалада қызмет көрсету бағасы 13%-ға өссе де, табыс көрсеткіші 2023 жылдың II тоқсанындағы 4,3 млрд теңгеден қазіргі 2,5 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Соған қарамастан, Алматыдағы кинотеатрлардың кірісі өткен тоқсанда кез келген басқа аймаққа қарағанда, тіпті Астанадан да (мұнда 1,8 млрд тг), әлдеқайда көп. Ал егер көрсеткіштерді жан басына шағып қайта есептесек, елорда аздап алға шықты – 1,2 мың теңге. Ал Алматыда әр көрермен 1,1 мың теңгеден кіріс алып келген. Әрине, бұл шартты түрде ғана. Десе де екі көрсеткіш те Қазақстан бойынша орташа деңгейден айтарлықтай ерекшеленеді – 329 теңге.

2019-2023 жылдары ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығы арқылы мемлекет қаржыландырған фильмдердің экономикалық табыс көрсеткіші 16,69%-ды құрайды. Бюджет қаражатына түсірілген 100 фильмнің 19-ы ғана прокатқа шығып үлгерген.

Сондай-ақ оқыңыз