Қазақстанда қара және түсті металл сынықтарын, темір жол бөліктерін экспорттауға тағы да алты айға тыйым салынды
Қазақстанда қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын экспорттауға салынған тыйым тағы жарты жылға ұзартылады.
Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Оны 2024 жылдың 17 қыркүйегіне дейін талқылауға болады.
Бұйрықтың жобасында пайдалануда болған құбырларды, рельстерді, теміржол төсемінің бөліктерін және жылжымалы құрамды темір жол көлігімен әкетуге тыйым салу көзделген.
Қазақстан аумағына жөндеу үшін әкелінетін және кері әкетілетін, дәл осы мақсатта ел аумағынан шығарылып, кері автомобиль көлігімен әкелінетін жылжымалы құрамның бұрын пайдаланылған элементтерін тасымалдауға шектеу қойылмайды.
Осының нәтижесінде сынық жетіспейтін отандық кәсіпорындардың жүктемесі артады. Яғни металлургиялық кәсіпорындарды өнімдермен қамтамасыз ету.
Қара және түсті металл сынықтарын ел аумағынан алып шығуға байланысты тыйымға қатысты Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрықтары бірнеше мәрте жарияланды. Бірақ қаулы жобасы бойынша олардың күші жойылып, жаңа бұйрыққа біріктіріледі.
Қазақстан үкіметі сирек және жерде сирек кездесетін металл өндірісін дамытуға 11,8 млрд теңге бөлмек. Бұл туралы «Сирек және жерде сирек кездесетін металдар саласын дамыту 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарында» жазылған.