Жаңалықтар

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде күн суытып, үскірік жүреді

Фото: kursiv.media

Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады. Нақтырақ айтсақ, елдің басым бөлігінде жауын-шашын болып, найзағай ойнайды. Тіпті кей аумақтарда қар жауып, үскірік жүреді.

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәлімдеуінше, республиканың солтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын болуы мүмкін. 3 қыркүйек күні түнде шығыста жаңбыр жауып, көктайғақ болады деп күтілуде. Ал батыс және оңтүстік облыстарда, керісінше құрғақ ауа райы болуы мүмкін.

Сондай-ақ синоптиктер жел екіпіні күшейетінін мәлімдеді. Түнде және таңертеңгілік республиканың солтүстігі мен шығысында тұман түседі, тіпті -2 градусқа дейін үскірік жүретінін хабарлады. Күндізгі уақытта ауа температурасы төмендейді. Атап айтқанда, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында +8+15 градусқа дейін, оңтүстікте +20+28 градус болады.

Ел астанасында 4 қыркүйекте көшпелі бұлт жүріп, күндіз нөсер жауын жауады. Түнде ауа температурасы +10+12 градус, күндіз болады– +12+14 градус болады деп болжануда.

5-6 қыркүйек күндері де осындай ауа райы сақталады. Жел екпіні 15-20 м/с дейін артады деп күтілуде. Түнде ауа температурасы +5+7 градус, күндіз– +9+11 градус шамасында болады.

Осыған дейін «Қазгидромет» еліміз бойынша қыркүйек-қараша айларына арналған ауа райының консультативтік болжамын жасаған еді. Синоптиктер қыркүйектің бірінші онкүндігінде ғана күн райы жылы болып, жауын-шашын аз болатынын мәлімдеген болатын.