Жаңалықтар

Былтыр Қазақстанға көшкен Solidcore Resources компаниясы Мәскеу қор биржасынан делистинг жасайды

Когда Solidcore Resources прекратит торги на Мосбирже
Solidcore Resources акциялар Мәскеу қор биржасында сатылмайды / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Аружан Махсотова

2023 жылы Ұлыбританияның Джерси аралынан Қазақстанға көшкен өндіруші Solidcore Resources (бұрынғы Polymetal) компаниясы Мәскеу биржасынан кетеді. Алтын өндіруші компания акцияларын биржадан делистинг жасауға рұқсат алған. Мәскеу қор биржасында Solidcore Resources акцияларымен сауда-саттық 15 қазаннан тоқтайды.

Биржа бұл рұқсатты компанияның делистинг туралы өтінішіне сай берген. Solidcore Resources plc (бұрынғы Polymetal) Мәскеу биржасынан кетуге бел байлағанын биыл 25 маусымда хабарлаған. Ал компания акционерлері өз акцияларын AIX биржасында сатылатын бағалы қағаздарға айырбастай алады.

Компанияның Мәскеу биржасынан кетуі Solidcore Resources акцияларының AIX биржасындағы мәртебесіне әсер ертпейді. Компания Астана қор биржасы негізгі сауда алаңы болып қалатынын атап өтті.

Инвесторлар AIX жүйесінде компания акцияларымен мәмілені жалғастыра береді. Мәскеу биржасынан шығу туралы шешімді компания «жалпы даму стратегиясы» және қаржы нарықтарындағы листингті оңтайландыру аясында қабылданған.

Бұрынғы Polymetal 2022 жылдың күзінде Джерси аралынан АХҚО-ға көшу ниеті бар екенін хабарлаған. 2023 жылдың тамызында ол редомициляцияны (бір юрисдикциядан екінші юрисдикцияға қайта тіркеу) аяқтады. 2023 жылдың 10 тамызынан бастап Полиметалл акциялары Мәскеу қор биржасымен қатар, AIX биржасында саудалана бастады. Былтыр қазан айында Polymetal AIX Qazaq Index тізіміне енді.

2024 жылдың наурыз айында Polymetal ресейлік активтерін сатты. Оны «Мангазея Плюс» АҚ сатып алды. Компанияның Ресейдегі активтері 3,69 млрд долларға бағаланған. Содан бері компанияның Ресей Федерациясына қатысы жоқ. Оның ең ірі акционері – омандық Maaden International Investment компаниясы (23,9%).

Биыл маусымда Polymetal International plc атауын Solidcore Resources plc деп өзгертті. AIX биржасындағы жаңа тикері – CORE болды.

Solidcore Resources plc  –  Қазақстандағы екінші ірі алтын өндіруші компания. Оның Қазақстанда  екі өндіріс орны бар. Олар  – Абай облысындағы Қызыл кеніші мен Қостанай облысындағы Варваринское кеніші. Компания жобаларының ішіндегі ең ірісі – Қазақстанда құрылысы жоспарланып отырған Ертіс ТМК жобасы.