«Қазақтелеком» АҚ Tele2 мен Altel-ді сатудан 536 млрд теңге алуы тиіс

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Егер компания осы соманы дивидендтер төлеу үшін пайдаланса, онда 1 қарапайым акция 50,065 теңгені құрайды / Архив: kursiv.media

«Қазақтелеком» АҚ Tele2 мен Altel-ді сатудан 536 млрд теңге алуға тиіс. Егер компания осы соманы дивидендтер төлеу үшін пайдаланса, онда 1 қарапайым акция 50,065 теңгені құрайды. Бұл туралы компания есебінде жазылған.

«2024 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша «Мобайл ТелекомСервис» ЖШС 536,2 млрд теңгеге бағаланды», – деп жазылған ұлттық компанияның есебінде.

«Қазақтелеком» АҚ Қатардың Power International холдингіне (PIH) Tele2/Altel сату процесін аяқтауда.

Еске сала кетсек, 2024 жылғы мамырда «Қазақтелеком» акционерлері «Мобайл Телеком-Сервис» компаниясын сату туралы шешім қабылдады. МТС (Tele2 және Altel брендтерімен жұмыс істейді) Қатар холдингі Power International Holding (PIH) компаниясына сатылатыны белгілі болды.

Бұл ретте мәміле құны 1,1 млрд долларға бағаланды. Бұл сома дивиденд төлеуге немесе қарыздарды өтеуге бағытталуы мүмкін. Freedom Broker сарапшыларының есебінше, бұл қаржы дивиденд төлеуге немесе қарыздарды өтеуге бағытталуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз