Lifestyle

DOGS қосымшасының токені іске қосылғаннан кейін, Павел Дуровтың крипто блокчейні құлдырады. Hamster Kombat ойының листингі қалай болмақ?

26 қыркүйекте Telegram-да DOGS-тан да танымал Hamster Kombat ойынының токені іске қосылады / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

DOGS қосымшасының қаржы бірлігі іске қосылған күні TON блокчейн желісі үшін «нағыз стресс-тест» болғаны анық.

Блокчейннің миллиондаған қолданушысы тегін токен (криптовалютаның қаржы бірлігі) алуға ниеттілер минутына 150 мыңнан астам транзакция жасаған. Нәтижесінде Павел Дуров құрған Telegram негізіндегі TON блокчейні ақпараттарды өңдей алмай құлдырады. Осылайша крипто алаңның веб-сайты біраз уақыт ашылмай қалды.

DOGS қосымшасымен сауда-саттық басталғаннан кейін, TON блокчейні бірнеше сағат бойы толық жұмысын тоқтатты. Ал қалпына келтірілгеннен соң, бір тәулікке жетпей жағдай қайталанды. Жоба жетекшілері техникалық ақауларды қолданушылардың DOGS токендерін тегін алуға деген ұмтылысымен байланыстырды.

«Қосымшаның 50 млн-нан астам пайдаланушысы бір уақытта өз әмияндарын толықтыруға тырысқан», – деп хабарлады TON техникалық тобы.

Тура бір айдан кейін, 26 қыркүйекте Telegram-да DOGS-тан да танымал Hamster Kombat ойынының токені іске қосылады.

Hamster Kombat-тың Bybit биржасында листингі 2024 жылдың 26 ​​қыркүйегінде өтеді. Бұл туралы биржа өкілдері X әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) жеке парақшаларында жариялады.

Токенді ойыншыларға тарату да 26 қыркүйекке жоспарланған. Сол күні бұрын жарияланғандай OKX биржасында листинг басталады.

Дегенмен, оның шарттары әлі толық жарияланған жоқ. Бұрын Hamster Kombat әзірлеушілері сыйақы мөлшеріне бір сағаттағы пайда, жетістіктер, орындалған тапсырмалар, алынған кілттер саны және жолдама жүйесі арқылы шақырылған ойыншылар саны сияқты факторлар әсер ететінін мәлімдеді.

Hamster Kombat – бұл Telegram-дағы шағын қолданба түріндегі ойын. Қолданушылар осы ойын арқылы токен жинап, оны криптобиржаларда жұмсауға болады. Токендер YouTube желісінде ойын роликтерін көргендерге де беріледі.

Hamster Kombat-тың Telegram-дағы криптографиялық ойындар нарығында көптеген бәсекелестері бар. Мысалы, Blum, Catizen, Lost Dogs: The Way, TapSwap, X Empire және т.б.

Токен – бұл криптовалюта ақша бірлігі. Ол блокчейн негізінде жасалған. Оларды ойындағы белсенділік үшін тегін алуға болады.