Алматыда күзгі кезеңде отандық фильмдердің ашық аспан астындағы тегін кино кештері жалғасады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Әкімдіктің мәліметінше, апталық фильм көрсетілімі қаланың барлық 8 ауданында өтеді және ауа райы ашық болғанша жалғасады.
Биылғы көрсетілім қазақстандық режиссерлердің фильмдерін ұсынған «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ арқасында өтіп жатыр.
Отандық кинокартиналармен бірге, кішкентай көрермендер үшін сүйікті балалар мультфильмдерінің көрсетілімдері ұйымдастырылды. Барлығы 10 000-нан астам адамға 50-ден астам көрсетілім өткізілді.
Фильмдер кестесін ауданның комьюнити-орталығынан немесе @birgemiz.almaty Instagram парақшасынан көруге болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін күздің алғашқы аптасында қандай іс-шаралар өтетіні туралы жазған едік.