Авто

Toyota Sequoia: сенімді жол талғамайтын көлік қауіп төндіре ме?

Toyota Sequoia гибридті жол талғамайтын көлігі / фото: ашықдереккөз, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Toyota компаниясы жол қауіпсіздігіне байланысты Sequoia гибридті жол талғамайтын көліктерінің 43 000-нан астамын қайтарып жатыр. Бұл туралы ұлттық жол қауіпсіздігі әкімшілігі (NHTSA) хабарлады.

Жол қауіпсіздігі әкімшілігінің мәліметінше, бұл шешім фаркоптың қақпағының құлап кетуі ықтималдығына байланысты қабылданған. Ал бұл өз кезегінде жолда қауіпті жағдай тудыруы мүмкін.

Sequoia модельдерінің артқы бамперінде орналасқан фаркоп қақпағы қысқыштармен бекітілген. Алайда кейбір жағдайларда қақпақ дұрыс бекітілмей, жолда құлап кетіп жатыр. Бұл мәселені шешу үшін көлік иелері өз Sequoia гибридтерін дилерлік орталыққа апаруы керек, онда қызметкерлер жаңартылған қақпақты тегін орнатып береді. Сонымен қатар артқы бампер де өзгертілетін болады. Toyota компаниясы көлік иелеріне бұл жаңарту пайда болғанша, қақпақты алып тастап, қауіп-қатерді азайтуға болатынын ескертті.

Бұл қайтарылым тек 2023-2024 жылдары шығарылған және фаркоп қақпағымен жабдықталған Sequoia гибридті модельдеріне қатысты. АҚШ-та сатылатын басқа Toyota немесе Lexus модельдерінде мұндай қақпақ жоқ немесе басқа дизайнмен жасалған.

Жол талғамайтын Sequoia бұған дейін сенімді көлік ретінде танылып, HotCars сарапшылары оны ең сенімді жол талғамайтын көліктердің бірі деп атаған еді. Бірақ соңғы оқиғалар жүргізушілердің күмәнін кұшейтіп отыр. Қазіргі мәселені шешу үшін автоөндіруші көлікті қауіпсіз етіп, тұтынушылардың сенімін қалпына келтіруге ұмтылып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Toyota-ның әлемдік өндірісі алтыншы ай қатарынан қысқарып жатқаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ, қазақстандықтардың сүйікті Toyota Camry-ін өзге үш бренд басып озды.