Жаңалықтар

Үкімет Солтүстік-Каспий жобасының серіктестерінен Қашағанның сұйытылған мұнай газын сатып алмақ

Бұған Қазақстанның ішкі нарығында сұйытылған мұнай газына деген жоғары сұраныс себеп / Фото: Kursiv.media архивінен

Газ тапшылығын азайту үшін Қашағанның сұйытылған газы сатып алынатын болды. Энергетика министрлігі сатып алу-сату мәмілесі бойынша «PSA» ЖШС-мен келісімшарт жасасқан.

Мұны Солтүстік-Каспий жобасының серіктестері мен «QazaqGaz» ҰК» АҚ арасындағы келіссөздердің қорытындысы деп атауға болады. Бұған Қазақстанның ішкі нарығында сұйытылған мұнай газына (СМГ) деген жоғары сұраныс түрткі болып отыр.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің шілде айында мәлімдегеніндей, Қазақстандағы сұйытылған газ тапшылығы 25%-дан асып отыр. Жыл сайын аймақтарға 360 мың тонна газ бөлінеді. Бірақ өндіріс көлемі аймақтардың сұранысынан 130 тоннаға азайып отыр.  

Аталған келісімнің талаптарына сәйкес, 2025 жылға қарай Қашағанның сұйытылған газы жеткізіле бастайды. 2027 жылдарға қарай инфрақұрылымдық жұмыстар аяқталуы тиіс. Сол кезде оның жобалық қуаты жылына 700 мың тоннадан асылып жығылмақ.

Қазіргі кезде «QazaqGaz» ҰК» АҚ Қашағанның сұйытылған газын қабылдау, сақтау және жөнелтуді қамтамасыз ететін техникалық құрылғыларға берілетін тапсырыстарды жобалау және орналастыру жұмыстарын жасап жатыр. Министрліктің айтуынша, бұл Қазақстанның өңірлерінің әлеуметтік экономикалық ахуалын жақсартуға ықпал етіп, сұйытылған газ тапшылығын азайтады. Сондай-ақ еліміздің газ-химия саласының дамуына мұрындық болмақ.  

Еске сала кетсек, 16 шілде күні Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев сұйытылған газды стратегиялық маңызы бар мұнай-химия саласының шикізаты ретінде бекітуді ұсынған болатын.