Yandex N.V. төңірегіндегі дау: бұрынғы акционерлер бизнестің голландиялық бөлігін сатуды заңсыз деп тану үшін сотқа жүгінді
Yandex N.V. компаниясының экс-акционерлері бизнестің голландиялық бөлігін сатуды заңсыз деп тану жөнінде сотқа жүгінді. Олар Nebius Group N.V.компаниясынан (бұрынғы Yandex N.V.) алған өздерінің үлесін лайықты бағада сата алмаған. Bes.media осы дау жөнінде жазды.
Ресейдің Калининград сотына арыз жазған 15 акционер «Яндекс» ашық акционерлік қоғамы халықаралық компаниясының активтерінен табыс таба алмағандарын мәлімдеген. Шағымданушылар сату туралы келісімнен кейін, сауда-сатықта акцияларын әділ бағада өткізе алмағандарына наразы.
Талап қоюшылар Яндекстің голландтық бөлігін сату миноритарлық акционерлер қаржылық шығынға ұшыраған жағдайда қасқана жасалған деп есептейді. Ол кезде «Консорциум. Бірінші» (Яндекстің негізгі иесі) айтарлықтай пайда тапқан.
«Яндекс» ААҚХК 15 шілдеде голландиялық Yandex N.V. Яндекс бизнесін сату туралы мәмілені жапқанын және акционерлер тобынан толығымен шыққанын уәж қылып отыр. Мәміле сомасы 475 миллиард рубль болды, ал Yandex N.V. ребрендингтен кейін ол өз атауын Nebius Group N.V деп өзгертті.
15 шілдеде компанияның баспасөз қызметі Голландиялық компания Yandex N.V. бизнесін халықаралық және ресейлік бөлікке бөлуге және ресейлік сегментін сату жөніндегі мәмілені толығымен жапты және топтың акционерлерінен шықты деп хабарлады.
Ресейлік «Яндекстің» бақылау пакеті «Консорциум.Бірінші» жабық инвестициялық қорына беріледі. Қордың құрамына бірнеше кәсіпорын кіреді: Яндекс менеджерлері құрған FMP, Лукойлдың «Аргонавт» пай қоры, сондай-ақ, Leta Capital венчурлық қорының негізін қалаушы Александр Чачава, Infinitum депозитарийінің басшысы Павел Прасс және кәсіпкер Александр Рязанов. МКАО «Яндекстің» бас компаниясы Калининград облысында тіркеледі.